Елорда тынысы

11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда не өзгереді - әкімдік жауабы

© Sputnik / Владислав Воднев Призывники на блокпосту
 Призывники на блокпосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық әкімдік 11 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін кәсіпорындар тізіміне қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Төтенше жағдай режимі аяқталған соң астана айналасындағы блок бекеттер бірден алынбайды. Бұл туралы астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Төтенше жағдай режимі мен карантинді шатастыруға болмайды. Карантин режимі төтенше жағдай алынған соң да сақталады. 12 мамырдан кейін қалай болатыны ертең, 11 мамыр күні төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында белгілі болады", - деп хабарлады астаналық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Әкімдік желіде тараған 11 мамыр - 15 маусым аралығында жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімін жоққа шығарды. 

"Желідегі құжат шындыққа жанаспайды. Ресми ақпарат жергілікті атқарушы органдар мен премьер-министрдің ресми сайтында жарияланады", - деді Олжабаева.

Дүйсенбі, 11 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. 

Жиын барысында мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.

Қазақстанда 16 наурыз - 15 сәуір аралығында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Кейін президент жарлығымен 1 мамырға дейін ұзартылды. Кейін 11 мамыр сағат 00:00 -ге дейін созылды.

Жаңалықтар
0