Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда автобустар қалай жүретін болады

© Sputnik / Абзал КалиевПустые улицы Нур-Султана днем. Салон автобуса
Пустые улицы Нур-Султана днем. Салон автобуса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептик қолданады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. City Transportation Systems қоғамдық көлік қатынасына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"12 мамырдан бастап елордада қоғамдық көліктің жұмысы жанданады. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Бірінші кезеңде  линияға қалалық бағдарлар шықса, екініші кезеңде қала маңына қатынайтын бағдарлар шығады", - делінген ресми хабарламада. 

Дезинфекциялық жұмыстар бұрынғыдай жүргізіледі. Автобус жүргізушілері барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде, қолғап киіп, антисептиктерді қолданады. Осы шараларды жолаушылар да сақтау қажет.

Елордада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес, автобустарда жолаушыларды отырғызу алдыңғы есік арқылы, ал түсіру қалған екі есік арқылы жүргізіледі.

"Сондай-ақ жүргізушілер билет сатуды уақытша тоқтатады. Жол жүру үшін көлік карталарын және жолақысын төлеудің балама тәсілдерін қолдануға болады. Олар - SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифтері пайдаланушылардың көлік карталарына қайта жүктеледі. Осылайша, сәуір айындағы жол жүру мамыр айына ауыстырылады.  Айлық жол жүру 12 мамырдан 11 маусымға дейін жарамды болады", - дейді мамандар. 

Тағы оқыңыз: Үкімет дәмхана мен мейрамханалар қай кезде ашылатынын айтты

Айта кетейік кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер іске қосылды. Елорда қоғамдық көлігінде 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда тегін жүре алады. Ал бір сағаттың ішінде автобусқа ауысып отыру үшін арнайы тарифтерді сатып алу қажет.

Жаңалықтар
0