02:53 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
82 0 0

Үнемделген қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаланың инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Елорда бюджетін оңтайландыру нәтижесінде 32 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделді. Бұл қаражат әлеуметтік салаға бағытталды.  

Әкімдікке қарасты ұйымдардың басшылық құрамы қысқартылды. Бірқатар кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып, сенімді басқаруға берілді. Мәдени-бұқаралық іс-шаралардың саны қысқартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Нәтижесінде бюджетті оңтайландырудың жалпы сомасы 32 миллиард теңгеден асты.   

"Экономиканың нақты секторы мен инфрақұрылымды қолдауға 14,5 миллиард теңге бөлінді. 3,6 миллиард теңге білім беру, денсаулық сақтау салалары мен әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. 3 миллиард теңгеден астам қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін беріледі", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.  

Оның айтуынша, үнемделген қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаланың инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыспен қамту мәселелеріне және басқа да маңызды салаларға бағытталды.  

"Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамы қайта құрылды. Жылына 1 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделеді. Бұл қаражат қысқы коммуналдық техниканы сатып алуға жұмсалады. Биыл басшылық құрамды қысқарту есебінен қайталанатын функциялары бар 17 заңды тұлға оңтайландырылады. Сонымен бірге әкімдік "Астана Инвест" ЖШС, "Астана Конвеншн бюро" ЖШС, "Астана энергосбытовая компания" ЖШС мен "Астана калалық Жарық" ЖШС біріктіру туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қомақты қаржы үнемделмек 

Сонымен қатар "Астана ЛРТ" ЖШС, "№1 автобус паркі" АҚ, "Жезкиик" АҚ көлік компанияларын біріктіру жоспарланып отыр. Жыл сайын бұл компанияларды ұстап-күтуге шамамен 700 миллион теңге кетеді. Ғимараттарды жалдауға кететін шығындарды, басқа да әкімшілік шығыстарды қысқарту жергілікті бюджетті 1 миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, теннис орталығы, өзен кеме қатынасының мүлкі (қайық) сияқты шығыны көп объектілерді сенімді басқаруға беру жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін оларды күтіп-ұстауға жыл сайын 500 миллион теңге қаражат жұмсалатын.

Объектілерді сенімді басқаруға беру бюджет шығындарын 3 миллиард теңгеге (7 жылдан 10 жылға дейін) азайтуға мүмкіндік берді. Қаланың бірқатар спорт ғимараты да сенімді басқаруға беріледі. Осылайша, сенімді басқару 10-15 жыл ішінде жергілікті бюджет қаражатын 23 миллиард теңгеге (яғни әр жыл сайын 1,5 миллиард теңгеге дейін үнемдейді) дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша

Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты
Депутаттар вице-премьерден Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалғанын сұрады
Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады – Тоқаев
Мәдени іс-шаралар тоқтатылды, ал қаржы қалай игерілуде – министр жауап берді
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, бюджет
Загрузка...

Басты тақырып