03:31 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (388)
487 0 0

Астана әкімдігі қала аумағына кіру және қаладан шығу үшін азаматтарға қандай құжат керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Елорда әкімдігі қала аумағында санитарлық блокбекеттер жұмысының жаңа алгоритмін жариялады.

Қалаға кіріп-шығатын азаматтардың өзімен бірге тиісті құжаты болуы тиіс.

Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға және кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокбекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жалғасады.

Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға кімдерге рұқсат етілген:

  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйымдардың қызметкерлері;
  • карантин аймағында, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан адамдар;
  • медициналық анықтамасы бар адамдар;
  • көктемгі егіс жұмыстарына жіберілгендер;
  • Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
  • басқа өңірлерде тіркелген, карантин аймағынан шығатын адамдар, олар санитарлық блокбекетте қажетті құжаттарды толтыруы тиіс;
  • патрульдік полициясыз, жерлеу рәсімі үшін карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар;
  • шет мемлекеттердің азаматтары;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан ата-аналар;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау үшін бара жатқан адамдар;
  • әуе рейсімен баратындар (Нұр-Сұлтаннан ұшатындар – Sputnik);
  • қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілгендер;
  • азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жүк көліктері;
  • транзит.

Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімді блокбекеттерде жауапты қызметкерлер қабылдайтыны айтылған.

Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір адам "БЛОКПОСТ" ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (388)
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Загрузка...

Басты тақырып