02:39 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
3595 0 0

Жолаушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі туралы ескертіліп отыр. Автобуста бетперде тағу шарт

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Астаналық қауіпсіздік шараларын сақтамаса, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін. 

Бұл туралы City Transportation Systems (бұрынғы Astana LRT) баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова айтты.

"Егер тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік тоқтатылуы мүмкін", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Жолаушыларға бетперде тағу міндетті екені айтылды. Өйткені әлі коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жойылған жоқ.

"Өкінішке қарай, тұрғындардың бәрі жауапкершілік танытып отырған жоқ. 27 наурыз - 16 сәуір аралығында №1 автобус паркі карантинге жабылды. Өйткені бір жүргізуші коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Егер жағдай қайталанса, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін", - деді Лоскутова.

15 мамырдан бері астанада автобустар бұрынғы режиммен 6.00-ден 22.00-ге дейін жүре бастады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. Карта, SMS, QR-код немесе мобильдік қосымшаларды қолдануға болады.

Тақырып бойынша

Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді
"Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды
Кілт сөздер:
коронавирус, автобус, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып