14:50 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1052)
1328 0 0

Қазақстанда COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 158 адамға жетіп отыр. Ведомствоаралық комиссия соңғы ақпаратты бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 158 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Елордада тағы 8 адам көз жұмды: 1959, 1947, 1943, 1954, 1955 жылы туған ер адамдар мен 1976, 1942, 1948 жылы туған әйелдер", - деп жазылған ақпаратта.

Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны 20 319 адамға жетті, 12 589 адам жазылып шықты. 

Соңғы тәулікте 1 557 адамда коронавирус расталды.

Елорда басшысы Алтай Көлгінов астанадағы коронавирус инфекциясына байланысты үндеу жасады. Әкім қазір дәрігерлер індетпен күресу үшін күн демей, түн демей еңбектеніп жатқанын айтты. Алайда оларға тұрғындардың көмегі қажет деді. 

Ол инфекция жұқтырғандардың саны көбейе беретін болса, амалсыздан ірі спорт нысандары стационарға айналатынын жеткізді. Алайда тұрғындар жауапкершілік танытпаса, науқастарға орын табылғанмен, оларды емдейтін дәрігер жетпейтінін айтты.

Еске сала кетсек, кеше, 26 маусым күні президент өз жұмысына жаңа кіріскен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға коронавируспен күрестің қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, ведомствода бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1052)

Тақырып бойынша

Денсаулық министрлігі желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды
Тоқаев коронавируспен күреске байланысты жаңа тапсырма берді
"Кім емдейді?": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Байқоңырда бес адам қайтыс болды - қала карантинге жабылды
Загрузка...

Басты тақырып