Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көшелердің бірі жартылай жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20-23 шілде аралығында астананың ескі орталығындағы көшелердің бірінде жөндеу жұмысы жүргізілетіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында елордадағы Бейбітшілік көшесінің бір бөлігі жабылады, деп хабарлады астаналық әкімдік. 

"Кептілісті болдырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз. Жөндеу жұмысына байланысты туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлік жабылады.

Бұған дейін 17 шілде - 2 тамыз аралығында Алаш шоссесі де жартылай жабылатыны айтылған болатын. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

 

Жаңалықтар
0