11:56 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1390)
12393 0 0

Тағы бір COVID-19 ауруханасы босап қалды. "Рамада плазада" орналасқан стационарда 1 шілдеден бері мыңға жуық науқас емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирус және пневмониямен ауырған науқастар емделген тағы бір аурухана жабылды. Дәрігерлер "Рамада плазада" орналасқан стационардан соңғы науқасты шығарды, деп хабарлады Сovid19.astana.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпсалалы ауруханасының терапевт дәрігері Дәурен Молдажанов 1 шілдеден бері бұл стационарда коронавирус жұқтырған мыңға жуық науқас емделіп шыққанын айтады. Олардың арасында орта, ауыр және өте ауыр дәрежелі науқастар болды.   

"Бұл стационар өз функциясын толығымен орындады. Мұнда науқастарды күтуге қажетті барлық медициналық жабдық пен дәрі-дәрмек болды. Бұл науқастарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді", - дейді Дәурен Молдажанов.

Науқастардың бірі Бибіжан Қаппарова бастапқыда өзін-өзі емдегенін айтады.  

"Сегіз күн бойы үйде емделдім, содан кейін жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. 10 күн осы стационарда жаттым. Дәрігерлерімізге, барлық медицина қызметкеріне алғысым шексіз", – дейді зейнеткер.

Нұр-Сұлтанда барлығы 16 стационар коронавируспен күресуге жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады 

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Психикалық денсаулық орталығының клиникасынан коронавирусқа шалдыққан соңғы науқас шығарылған болатын. Бір жарым айдың ішінде мұнда 1 044 науқас емделді. 

Шілде айының басынан бері Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауырғандар саны бес есе азайған. Жедел жәрдем станциясына қоңырау шалатындар саны үш есе – тәулігіне үш мыңнан мыңға дейін кеміді. Төсек қорының жүктемесі 99-дан 30 процентке дейін төмендеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 89 078 адам індетті жұқтырды. Пациенттердің 66 пайызы емделіп шықты – 59 517.  

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1390)

Тақырып бойынша

Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдарға бекеттер қойылды
Дәрігер COVID-19 кезінде қандай дәрілер тиімсіз екенін айтты
Қаралы күн: Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты
Кредит төлемі кейінге шегеріледі: Мамин тапсырма берді
Жүгірген кезде маска тағу керек пе – министр жауабы
Кілт сөздер:
видео, Нұр-Сұлтан, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып