00:10 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (639)
2012 0 0

Полицейлер адам көп жерлерде, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға маска тағуды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Маска тағу тәртібін бұзғандарға 79 530 теңге айыппұл салынады.  

Тәртіп сақшылары елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, тұрғындар үйден шыққанда медициналық маска тағуға міндетті ескертті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бұл аурудың алдын алу үшін жасалады. Құқық бұзушыларға 30 АЕК немесе 79 530 теңге айыппұл салынады.

"Адам көп жерлерде, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға маска тағуды ұсынамыз. Егер адам көп орындарда маска тақпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші кезекте біз тәртіп бұзушыларға қатысты алдын алу шараларын қолданамыз", - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов.

Сондықтан, халықтың денсаулығын сақтау, коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау үшін азаматтар медициналық маска тағуы керек, дейді ол.

Ал елорда тұрғындары арасында блиц-сауалнама көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі маска қорғаныс ретінде қажет екеніне және оны жабық ғимарат ішінде кию керек екендігіне сенімді.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады 

"Меніңше, сыртта маска тағу қажет емес, өйткені таза ауа одан да маңызды. Иә, жабық ғимарат ішінде әлеуметтік қашықтық сақтау, маска тағу керек, бірақ көшеде міндетті емес", - дейді қала тұрғыны.

"Мен жағалауда, адам көп емес жерде таза ауамен дем алу үшін масканы шешемін. Менде вирус болуы мүмкін ғой, сондықтан адамдар арасында маска тағып жүремін", - дейді тағы бір елорда тұрғыны.

Еске сала кетейік, жабық, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, дүкендер мен дәріханаларда, медициналық мекемелерде маска тағу міндетті.

"Маска тағу COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін өте маңызды. Маска тағу тәртібін сақтау керек және әр екі сағат сайын ауыстыру қажет", - деп түсіндіреді терапевт Әзиза Алданбаева.

Қазақстанда карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)

Тақырып бойынша

Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
Алпыс теңгеден сатылады: елордада маска тігетін қуатты өндіріс іске қосылды
Жүгірген кезде маска тағу керек пе – министр жауабы
Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді
Бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді
Загрузка...

Басты тақырып