00:03 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (639)
2549 0 0

Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы мәлімдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатаң карантинге қайта оралмау үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған.

"Уақытында қолға алынған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң динамика бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы айтады", - деді Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Осы орайда қала басшысы төтенше жағдайдан кейінгі қателікті қайталамау қажеттігін жеткізді. Ол кезде барлығы босаңсып кеткен. Санитарлық ережелерді сақтамаған. Соның салдарынан қатаң карантин енгізуге тура келді. Осы жолы сақ болмасақ, жағдай қайталануы мүмкін, дейді Көлгінов.

"Бірінші карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе қатаң карантин қайтарылуы мүмкін екенін талай рет айттық. Ақырында солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар толып кетті. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Медицина мамандарына үлкен салмақ түсті", - деп атап өтті елорда әкімі.  

Оның айтуынша, алдындағы карантинге қарағанда осы жолы кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережелерді жақсы сақтап жүр. Ендігі мақсат – карантиннің нәтижесін сақтап қалу. Сондай-ақ, күзге дайындалу қажет. 

"Біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - дейді қала басшысы.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)

Тақырып бойынша

Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
Семейліктер көшеге шықты – қала билігінің жауабы қандай
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Загрузка...

Басты тақырып