Елорда тынысы

Қазақстанда кімдерге алғаш рет 830 мың теңгеден төленетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық мұғалімдер осы жылы алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Биыл "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталғандарға 830 мың теңгеден төленеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов тамыз кеңесінде мәлімдеді.

Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көлгінов осы жылдың қаңтарынан мұғалімдердің жалақысы 25%-ке өскенін атап өтті. Айтуынша, 2024 жылға дейін еңбекақы 25%-ке артады.

"Былтыр біз өз тарапымыздан қайтарымсыз негізде әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 миллион теңге мөлшерінде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз", - деді әкім.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық мұғалімдердің жалақысы қайта қаралады

Ол былтыр жұмысын енді бастаған мұғалімдер үшін 350 орындық жас педагогтар үйі салынғанын айтты.

Ал биыл "Қазақстан ипотекалық ұйымымен" бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтерді сату туралы келісімге қол қойылған. Бұл баспанаға мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады.

Жаңалықтар
0