Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімі кезекші топтарда қанша бала оқитынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАнтисептик и отметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции
Антисептик и отметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде 1-4 сыныптардағы 40 мыңнан астам бала кезекші топтарда оқуға өтініш білдіріп отыр, деп атап өтті Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Елордада 40 мыңнан астам бала кезекші топтарға барады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Міне, бір жұмадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Оған біздің мұғалімдеріміз жоғары деңгейде дайындалды. Бүгінде 1-4 сыныптардағы 40 мыңнан астам бала кезекші топтарда оқуға өтініш білдіріп отыр. Сондықтан біз осыған дайын болуымыз керек", - деді Көлгінов Тамыз конференциясының онлайн мәжілісінде.

Осы орайда қала басшысы қатаң санитарлық тәртіпті сақтау қажеттігіне ерекше тоқталды. Себебі вирус ешқайда кеткен жоқ.

"Осы тәртіпті біз өзімізден бастауымыз қажет. Балалардың қауіпсіздігі ең бірінші орында болуы тиіс. Шыны керек, тарихта алғаш рет біз үлкен сынақтан өтіп жатырмыз. Әрине, педагогтерге түсетін салмақ артады. Сіздердің әрбір сабақтарыңыз ашық сабақ болады. Себебі ата-аналар да атсалысып жатыр. Бұл сабақтың сапасына кері әсерін тигізбеуі керек", - деп түйіндеді Көлгінов. 

Оқи отырыңыз: Әрбір оқушыға – 40 мың теңге: әкім ақшаның неге қолға берілмейтінін түсіндірді 

Айта кетейік, Алматы қаласында 15 мың оқушы кезекші топтарда оқитын болды. Бірақ ондай топтар тек 1-2 сыныптармен ғана шектеледі. Себебі ата-аналар тарапынан түсіп жатқан өтініштер өте көп. Әрбір кезекші топта 15 оқушы білім алады. Бір партада бір бала ғана отырады. Бір сабақтың мерзімі – 40 минут. Ал үзілістер әртүрлі уақытта болады.

Жаңалықтар
0