Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда автобустар бір күнге тоқтайды

© Sputnik / Абзал КалиевАвтобус салоны, архивтегі сурет
Автобус салоны, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбі күні астанада автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қозғалысы жанданады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 13 қыркүйекте локдаунға байланысты қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сенбі, 12 қыркүйек күні елордада автобустар сағат 23:00-ге дейін жүреді.

"Жексенбі, 13 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

14 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар линияға шығады.

CTS қала тұрғындары мен қонақтарына автобустарда маска тағу міндетті екенін ескертті. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан өңірлерінде демалыс күндері шектеу шаралары мен локдаун сақталатынын мәлімдеген еді. 

Жаңалықтар
0