Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинПожилая женщина несет в пакете продукты
Пожилая женщина несет в пакете продукты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Волонтерлер Альцгеймер сырқатына шалдыққан әйел жоғалып кеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, зейнеткер жеңіл киінген

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Елордада 70 жастағы зейнеткер 3 қазан күні үйінен шығып, оралмады. 

Lider.kz волонтерлер қозғалысы Промышленный ауылында сенбі күні кешке үйінен шыққан  Бейсенова Мүслима Қадырқызы әлі оралмағанын хабарлады.

© Photo : lider.kzБейсенова Мүслима Қадырқызы
Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
Бейсенова Мүслима Қадырқызы

Зейнеткердің бойы 150 сантиметр, жасыл көзді, шашы сары, ақ шаш түскен.

Тоқылған күрте, жұқа аяқкиім, көк түсті шалбар, күлгін түсті сырт киім мен қара баскиім киген.

Әйел Альцгеймер мен астма сырқатына шалдыққан, есте сақтау қабілеті нашар.

Зейнеткердің туыстары күн жылы болғандықтан, жеңіл киінгенін айтты. Алайда келесі күні суытып кетті. 

Жаңалықтар
0