18:41 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
137 0 0

Мемлекеттік департамент Вашингтонның Орталық Азия елдеріне қатысты мақсаттары жазылған құжатты жариялады

Ол ресми түрде "АҚШ-тың Орталық Азияға арналған стратегиясы 2019-2025: егемендік пен экономикалық әл-ауқатты дамыту" деп аталады. Ал шын мәнінде бұл құжатты іске асыру Орталық Азия елдеріне егемендік те, әл-ауқат та әкелмейді. Осы мәселені колумнист Геворг Мирзаян тарқатып көрді.

АҚШ барлық жерде болсам дейді

Соңғы жылдары Құрама штаттары Орталық Азия елдеріне үлкен назар аударып отыр. Бірақ бұл Вашингтон бір сәтте аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына мүдделі екенінен емес.

Барлығы Вашингтонға Орталық Азия - Ресейге проблемалар туындатып, Қытайға қысым жасау алаңы болу үшін қажет екенін жақсы түсінеді (Әсіресе, Қазақстан-Шыңжаң шекарасы маңында орналасқан ҚХР күрделі нүктесі).

Майк Помпеоның Қазақстан мен Өзбекстанға (Орталық Азияда көшбасшы болуға үміткер екі ел) жақындағы сапары барысында мемлекеттік хатшы осы елдердің Ресей және Қытаймен байланыстарын жартылай болса да АҚШ-қа қайта бағыттау үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысты. Бұл жалпы ешкімге де құпия емес.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы қазақтар "қайта оқыту" орталықтарынан босатылды - министр

Нәтижесінде, жетістіктерімен мақтана да алмады – дегенмен, әрине, АҚШ осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырады.

Мемлекеттік департамент жариялаған стратегия осы жұмыстың негізгі тұжырымдамалары мен мақсаттарын көрсетеді. Құжат өте қызықты, бірақ аударманы қажет етеді. Ағылшыннан орысшаға ғана емес, дипломатиялық тілден адам тіліне де.

Мысалы, стратегия басында көрсетілген аймақ мемлекеттеріне қатысты АҚШ-тың негізгі стратегиялық мүдделерін қарастырайық.

Мәскеу мен Бейжіңнен "жұлып алу"

Құжат Орталық Азияның Мәскеу мен Бейжіңмен ынтымақтастығын тоқтатуды көздейді. Ал жаңа серіктес кім? АҚШ емес екені анық.

Иә, америкалықтар стратегияда көпмиллиардтық инвестициялар мен жобалар туралы, аймақты қауіптерден қорғау жұмысы туралы айтады.

Дегенмен олар іс жүзінде Орталық Азия қауіпсіздігін Ресей деңгейінде, экономикалық жобаларын Қытай деңгейінде қамтамасыз ете алмайды.

Загрузка...

Басты тақырып