Экономика

Посткеңестік елдерге мұнайдың төмен бағасы қалай әсер етеді

© AP Photo / Sue OgrockiНефтедобыча
Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОПЕК+ қатысушылары 2020 жылдың бірінші тоқсанынан кейін мұнай өндіруге жаңа квоталар туралы келісе алмағандықтан, мұнай бағасы құлдырай бастады

Бүгінгі таңда әлемдік мұнай-газ нарығы қиын кезеңдерді бастан кешуде. Оның бірнеше себебі бар, соның бірі АҚШ-тағы тақтатас кен орындарынан мұнай өндірудің қарқынды өсуі болды. Бұл туралы Ресей Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші сарапшысы Игорь Юшков баяндайды.

Мұнай өндіру көлемі ұлғайып, кейін бағасы өсті

АҚШ-та мұнай өндірудің өсуі 2016 жылдың соңынан басталды. Бұл ОПЕК-тің мұнай өндіру көлемін шектеу туралы келісім жасауының арқасында болды. Ол шикізат бағасын жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. АҚШ бұл келісімге кірмейтіндіктен, америкалық өндірушілер оның жоғары бағасын пайдалана отырып, мұнай өндіруді еркін арттырды. ВР компаниясының деректері бойынша 2018 жылы АҚШ-та мұнай өндірудің ең жоғары өсімі 16,6% көрсеткішті құраған.

Ал жоғары деңгейдегі әлемдік бағалардың соңғы екі жылын салыстырып қарасақ, көптеген жоба рентабельді болды. Өйткені, ОПЕК+ бағаны ұстап тұрады, тіпті өндіруді одан әрі төмендетеді деген сенім рентабельділік шегінде тұрған өндіру жобаларына жаңа инвестициялардың келуіне сеп болды.

Мұнайға, соның ішінде Бейжің тарапынан сұраныстың артуы белгілі бір шамада өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал етті. Бірақ, ақпан айында Қытайда тараған коронавирус қазіргі дағдарыстың негізгі себебіне айналды. Қытай кәсіпорындары жұмысын тоқтатып, адамдардың еркін жүруі карантинге байланысты шектелген. Нәтижесінде, ҚХР-дағы энерготасымалдағыштарға сұраныс төмендеп, әлемдік нарықтағы ұсыныстар арта түсті. Сөйтіп, баға күрт құлдырады.

Қатысушы елдер өзара келісе алмады

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндіру көлемін азайту мәселесін талқылай бастады. Негізгі бастамашы Сауд Арабиясы болды. Өйткені, Корольдік өз бюджетін мұнай баррелінің бағасын 72 доллар шамасына сүйене отырып жасаған. Ал Ресей 2020 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру квотасын сақтау керек екендігін мәлімдеді. Өйткені, ресейлік сарапшылардың пікірінше, бағаның құлдырауы Қытайдағы коронавирусқа байланысты еді. Яғни, ол өткен кезде Бейжің мұнайға деген сұранысты қалпына келтіріп, баға өсе түседі.

Факел стационарной платформы на нефтяном месторождении - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді
Бұдан бөлек Ресейдегі өндірушілердің өндіріс көлемін азайтуға келісуі өте қиын еді. Энергетика министрлігінің ресейлік компанияларға өндіріс көлемін көрсетуге ресми өкілеттігі жоқ. Сондықтан да ОПЕК+ шеңберінде міндеттемелерді орындау үшін ел ішінде консенсусқа қол жеткізу қажет. Өндіріс көлемін ұлғайта алатын ірі компаниялар үшін бұл әрекет – ОПЕК+ тарапынан нақты шектеу болып табылады. Өйткені, дағдарыс ауқымы әлі де беймәлім күйде болғандықтан, мұнай өндіруді қанша қысқарту керек екені түсініксіз болды. Тіпті, ОПЕК+-тің келіссөздері Еуропада коронавирустың таралуына дейін өткен еді.

Осылайша, ОПЕК+ қатысушылары 2020 жылдың бірінші тоқсанынан кейін мұнай өндіруге жаңа квоталар туралы келісе алмағандықтан, мұнай бағасы құлдырай бастады. Тіпті, Сауд Арабиясы тәулігіне 3 млн. баррельге дейін өндіре алатындығын және елеулі жеңілдіктер туралы мәлімдеген соң, Еуропа мен АҚШ-та теріс тренд күшейе түсті .

Төмен бағаның салдары

Посткеңестік елдер үшін энергонарықтағы мұндай өзгерістер айтарлықтай әсерін тигізді. Ал Ресей үшін мұнай бағасының баррелі 42,4 долларды құраса, бюджет тапшылығы болмайды.  Сондықтан қазір елде резервтік қорлар жиналмай, бюджет түсімдерінің орнын толтыру үшін олардан қаражат жұмсай бастайды. Алайда, Ресей қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша қолда бар қаражат алты жыл бойы осындай өтемақы үшін жеткілікті (тіпті, мұнай бағасы барреліне 25 доллар деңгейінде сақталатын жағдайда да).

Нефть - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мұнай саласында не болып жатыр?
Бірақ мұндай төмен бағалар ұзақ уақыт бойы сақталмайды. Өйткені, бүкіл әлем бойынша көптеген жобалар, ең алдымен АҚШ-та тақтатас мұнайын өндіру тиімсіз болады әрі ол тоқтатылуы мүмкін. Бұл ұсыныс тапшылығын тудырып, бағаның өсуіне әкеледі.

Әрине, қазіргі мұнай бағасы Ресей үшін қолайсыз.

"Газпромда" Еуропаға газ жеткізуге арналған көптеген келісімшарттар бар дегенімізбен, ол да мұнай бағасына байланысты. Демек, осы шарттар бойынша газ бағасы да төмендейді. Ондай жағдайда Ресей бюджетінің газ саласынан алатын табысы азаяды.

Мұнай өндіретін өзге де посткеңестік елдер осындай жағдайда. Олар түскен кірістерден зардап шегеді. Бұл Әзірбайжанға, Қазақстан мен Түрікменстанға қатысты. Қазақстан мен Түркіменстан мұнай мен газды тұтынуы құлдыраған жағдайда Қытайдың форс мажор туралы мәлімдей отырып, көмірсутегін алуден бас тартуы мүмкін. Ол кезде Қытайдың Орта Азиядан алатын мұнай мен газының көлемі қысқарады.

Қазақстан, Ресей сияқты, Сауд Арабиясы тарапынан еуропалық мұнай нарығында өсіп келе жатқан бәсекелестікке тап болады. Эр-Рияд Ресей проблемасын жасау үшін еуропалық тұтынушыларға әдейі жеңілдіктер ұсынады (Еуропа Мәскеу үшін негізгі өткізу нарығы болып табылады). Сөйтіп, ОПЕК+ шеңберінде келіссөздер үстеліне қайта оралуға және жаңа келісімнің Сауд шарттарын қабылдауға мәжбүрлейді.

Бұл ретте Беларусь белгілі бір деңгейде пайда алады. "Белнефтехим" ресейлік компаниялармен мұнай жеткізу шарттары туралы тараптарға тиімді шарт жасай алмай, балама табуға тырысуда. Ал Сауд мұнайын Минскі әлемдік баға бойынша жеңілдікпен сатып алуы, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Эр-Риядтың бұл жеңілдігі белоруссиялық МӨЗ-ге мұнай жеткізу кезінде көлік шығындарының бір бөлігін жабуы мүмкін.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент российской нефтяной компании Лукойл Вагит Алекперов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Тоқаев ресейлік мұнай компаниясының басшысымен кездесті
Минск үшін тағы бір мәселе – ресейлік мұнай бағасы Беларусь үшін мынадай формула бойынша анықталады: әлемдік баға – минус экспорттық баж салығы. Бірақ экспорттық баж еуропалық рыноктағы нарықтық бағамен есептеледі және ол белгіленімнің соңынан түседі.

Алайда, Минск үшін қазіргі дағдарыстан да айтарлықтай минус бар: мұнай бағасы төмендегендіктен, Беларусьтің басты дәстүрлі экспорттық тауарларының бірі болып табылатын мұнай өнімдері де арзандайды.

Нәтижесінде, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің экономикасы үшін мұнай бағасының қазіргі құлдырауынан жақсы өзгеріс байқалмайды. Ал мұнай компанияларына бензин мен дизель бағасының өсуін негіздеу де қиынға соғады.

Жаңалықтар
0