15:27 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
13810

Ауған елінде Вашингтонның әрекет ету мүмкіндігі шектеулі. Өйткені, ел ішінде бір-біріне қарсы соғыс жалғасуда

"Қасқыр да тоқ, қой да аман" болу үшін АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаруға тырысуда. Алайда, америкалықтар мен тәлібтер арасындағы бітімгершілік келісімі соғыс қимылдарын өршіте түсіп, Ислам республикасындағы азаматтық соғыстың жаңа кезеңін туғызды әрі Орталық Азиядағы террористік қауіпті күшейтті. Александр Хроленко шолу жасады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 23 наурызда Ауғанстан астанасына алдын ала хабарлаусыз арнайы сапармен келіп, Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен және оның саяси бәсекелесі Абдулла Абдулламен кездесті. "Талибан" басшылығымен ықтимал байланыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбады. Алайда, елдің көптеген провинцияларында үкіметтік күштер мен тәлібтер арасындағы қақтығыстың күшеюі Помпеоның бітімгершілік миссиясының басты себебі болып табылады.

Жағдай тұрақсыз. "Ішкі саяси диалог" кезінде атыстың үздіксіз жүруі  АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына кедергі келтіреді. Сонымен қатар, "Талибанмен" арадағы келісім бойынша бірнеше мың тәлібті түрмеден босату елдің тыныштығына ықпал ете қоймайды. Бұл ретте Вашингтонның әрекет ету мүмкіндіктері шектеулі, өйткені ел ішінде біріне бірі қарсы соғыс жалғасуда.

Осыған байланысты Майк Помпео Кабулға қаржылық көмек көлемін биыл да, 2021 жылы да 1 миллиард доллар мөлшерінде қысқартқанын хабарлады. Бұл ашық мәлімдеме (бұл ауғандық менталитетті қорлау) тараптарды бейбіт келісімге "доллар күші" арқылы мәжбүр ету ретінде қабылданады әрі Ислам республикасындағы тұрақсыздықты күшейте түсуі мүмкін. Екінші жағынан, мемлекеттік хатшының дөрекілеу ашықтығы АҚШ тарихындағы ең ұзақ соғыстың проблемалық деңгейде аяқталғанын айғақтайды. Ал Ауғанстан оған жол бермейді.

Сонымен бірге сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясының аумағында тәлібтер үкіметтік күштердің 7 бақылау бекетіне шабуыл жасап, екі сарбаз қаза болды. Ал жексенбіде олардың  "бәсекелесі" "Ислам мемлекеті" тобының жасақтары Баграмдағы (Парван провинциясы) АҚШ-тың әуе базасын зымыранмен атқылады. Забул провинциясында 20 наурызда тәлібтермен болған шайқаста 20-дан астам әскери қызметші мен полиция қызметкері қаза тапты, ал қауіпсіздік күштерінің бірнеше қызметкері шабуылдаушылардың жағына өтті.

Сол күні Каписа провинциясында "Талибан" содырлары бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады – жеті полицей мен бірнеше милиционер қаза тапты. 20 наурызда тәлібтер Кабулдағы әскери арнайы жасағының командирі Абдул Кадирді өлтірді. Міне, осылайша ауған Наурызы қайғылы жағдайға тап болды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп егер "Талибан" келісімді бұзған жағдайда АҚШ әскерін "тез арада" Ауғанстанға  қайтарамыз деп қорқытты. Бірақ басты мақсат – қалу емес, кету екенін бәрі түсінеді. Қабылданған шешімдердің инерциясы мен Пентагонның логистикалық жүйесі сондай, оларды жақын болашақта қайтару технологиялық тұрғыдан мүмкін емес.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті
© Официальный сайт Президента РК /
Ислам республикасындағы АҚШ әскери базасының көпшілігі қазірдің өзінде тұмшаланған, штаттар қысқартылып, бюджеттік шығындар қарастырылмаған. Сондықтан, Ауғанстан қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Асадулла Халид ашық мәлімдеме жасамай, ол жай ғана (19 наурыз) тәлібтерге қарсы операцияларды қайта бастауға бұйрық берді.

Вашингтон көзқарасы бойынша бұл жағдайға ауғандықтардың өздері кінәлі. Ашраф Ғани мен Абдулла Абдулла өзін заңды түрде сайланған президент деп санайды және екі инаугурацияны оқ пен оттың астында өткізеді әрі олар (Ғани, Абдулла мен тәлібтер) америкалықтарды тыңдамайды. Майк Помпео Ғани мен Абдулла "қатты қажеттілік туындап тұрғанына" қарамастан, инклюзивті үкімет құру туралы келісе алмағандығын айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы:

"Басшылықтың мұндай қателігі АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне тікелей қатер төндіреді" деп атап көрсетті.

Осылайша, тек күш біріктіруді ұйымдастырмағандықтан және бөлінудің кесірінен Кабул миллиард доллар жоғалтқаны белгілі болды.

Өз кезегінде, тәлібтер өткен аптада қозғалыстың тұтқындалған (түрмеге түскен) содырларын босатпады және Ауғанстан үкіметімен келіссөздер жүргізу үшін комитет құру міндеттерін орындамады деп АҚШ-ты айыптады.

Алға жылжу бар. Атап айтсақ, америкалық тарап пен Катар (Помпео келгенге дейін) тұтқындарды босату туралы Кабул мен "Талибан" арасындағы алғашқы келіссөздерді онлайн режимде ұйымдастырды. Алайда, талқылау барысында мыңдаған тәліб түрмеге "партия билеті" үшін емес, өз елінің заңды билігіне қару-жарақпен қарсылық көрсеткені үшін келгені және олардың 280-і шейіт белдіктері бар жанкештілер болғаны айтылды. Оларға жаппай рақымшылық жасау, әрине террористік топтар белсенділігінің артуына және 2020 жылдың жазын қырғи-қабақ тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін. Елде жұмыс жеткіліксіз, ал қолыңда қару болса ақша табу оңай.

Басқа таңдау жоқ. Таяу болашақта халықаралық терроризм Ауғанстан мен көршілес елдер үшін стратегиялық қауіп болып қала бермек. Ал АҚШ-тың "Талибанмен" бейбіт келісімі (29 ақпандағы) ауғанаралық диалогтың негізін қалайды. Тұтқындалған алғашқы 5 000 содырдың босатылуы бұл аймақ үшін баяу әрекет ететін бомба іспеттес. Осылайша, америкалықтар Ауғанстанды елді біріктіре алмайтындай күйге түсіріп, тәлібтерге тастап кетіп жатыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
© Sputnik / Владислав Воднев
Тәлібтер үшін ресми Кабул – барлық зұлымдықтың көзі және 14 ай ішінде ешкім мыңдаған содырдың бұрыннан келе жатқан жеккөрушілігін өзгерте алмайды. Шын мәнінде, біртектес "Талибан" қозғалысында мемлекеттік құрылым бағдарламасы жоқ. Егер біз тарихи фактілерді қарастыратын болсақ, "Ислам мемлекеті" басшылары бір кездері террористік ұйымды "халифат" түріне айналдыруға тырысты (Ирак пен Сирия аумағында). Бірақ қазіргі әлемде мұндай квазимемлекеттік құрылымның ұзақ мерзімді өмір сүруі мүмкін емес.

"Талибан" қозғалысы жетекшілерінің бірі Сираджуддин Хаккани New York Times газетінде жарияланған "Біз, тәлібтер не тілейміз?" деген мақаласында АҚШ-тың қатысуымен Ауғанстандағы бейбітшілік туралы жазады. Бірақ Ислам республикасының ресми үкіметі туралы ешнәрсе айтпайды. Осы орайда, ел президентінің бірі болған Мұхаммад Наджибулланың қайғылы тағдыры еске түседі.

Ол шынымен де мужахидтермен, заңдастырылған оппозициялық партиялармен келісімге келіп, оларды үкіметке жіберуге тырысты. Бірақ олардың саны аз болды. Тәлібтер 1996 жылы Наджибулланы аяған жоқ. Сол тарих 2020 жылы басқа адамдар арқылы қайталануы мүмкін. Алайда Ауғанстанда бұдан былай тыныштық болмайды. Демек, азаматтық соғыс жалғасуы мүмкін.

"Талибан" қозғалысы өзінің "бәсекелес" тобы "Ислам мемлекеті" ұйымынан айырмашылығы, ол ауқымды кеңеюді жоспарламайды. Олар Ауғанстан мен шекаралас аудандарды бақылауға алуға тырысады. Бұл қозғалыс біртекті емес, онда екі ықпалды тармақ бар – Ауғанстан мен Пәкістан. Өз кезегінде жергілікті қозғалыс бірқатар құрылымдық ерекшеліктерге ие. Атап айтқанда, экстремизммен байланыс деңгейімен сипатталады.

Кландардың ішкі бәсекелестігі көбінесе ұсақ қылмыстық бірлестіктермен "таза" әскери-діни қозғалыстың бірігуіне әкеледі. Бұл маңда тұрақтылықтың еш белгісі жоқ. "Талибан" қатарында Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан мыңдаған адам бар. Сондықтан жарылыс бүкіл Орталық Азия аймағында сақталады және өседі.

Тақырып бойынша

Кеңес одағының соңғы маршалы қайтыс болды
АҚШ әскерінің шығарылуы және Кабулдағы атыс: Ауғанстанның тағдыры не болмақ
Кілт сөздер:
АҚШ, Ресей, Ауғанстан
Загрузка...

Басты тақырып