G20 саммиті: қалай өтті және қандай мәселе көтерілді

© REUTERS / HANDOUTПервый виртуальный саммит G20, посвященный борьбе с коронавирусом
Первый виртуальный саммит G20, посвященный борьбе с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 наурызда Үлкен жиырмалық (G20) саммиті ерекше жағдайда өтті. "Жиырмалыққа" қатысушылардың қай әлемде өмір сүретінін шешуіне тура келді. Толығырақ колумнист Геворг Мирзаян әңгімелейді

Көне құрлықты коронавирус індеті құрсауына алды. Бұл аталған ауру адамзат үшін елеулі қатерге айналды деген сөз емес. Себебі, коронавирустың аз ғана қаупі жаһандануды тізе бүктірді. Өйткені, проблемамен бірлесе күресуде адам денсаулығы мен экономикаға тигізетін зардаптарды азайту әдістерін іздеудің орнына, барлық дерлік елдер шет қалуды таңдады. Тіпті, олар интеграциялық блоктар шеңберіндегі одақтық қатынастарда іргелес тұрған көршілері үшін де жабылды.

Кейбір мемлекеттерде коронавирус дағдарысы өркениетті құлдыратқаны соншалық, олар серіктестерінің тікелей бопсалауына ұшырады. 

Лондондағы саммит қалай өтті - Sputnik Қазақстан
Видео
"НАТО миының өлімі": Лондондағы саммит қалай өтті?
Шамасы, әлем елдерінің көшбасшылары осындай алауыздық дәрежесін бағалай келе, әркім өзі үшін өмір сүрудің қазіргідей әлемде қиындайтынын түсінген шығар. Сондықтан, Үлкен жиырмалықтың міндеті – дамыған және дамушы елдердің барлық көшбасшысы қатысатын "Жер шарының директорлар кеңесі" құрылымын жасақтап, қателіктермен жұмыс істеп, мәселелерді бірге шешуге кірісу еді.

Саммиттің шартты қожайыны ретінде Сауд Арабиясының королі Салман "біз күш біріктіріп, бірлесіп әрекет ету үшін жиналдық" деп дұрыс айтты. Сонымен қатар, "бұл ісіміз коронавирусты жеңумен ғана байланысты емес" деді Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалали (сондай-ақ, ол "егер індетті бір елде жеңу мүмкін болмаса, онда басқа ешқандай мемлекет өзін қауіпсіз сезіне алмайды" деген ойын білдірді). Әлем елдері алдында аса маңызды міндет тұр – бұл індеттің әлемдік экономика үшін салдарын еңсеру.

Мамандар шығындарды есептеуге әлі де қорқады, бірақ ол жүздеген миллиард, тіпті триллион долларға жететіні белгілі. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, "жаңа коронавирустық пандемиямен байланысты қазіргі проблемалар 2008-2009 жылғы қаржылық дағдарысқа қарағанда анағұрлым жаппай сілкіністерге айналады".

Әсіресе, өзімшіл шаралар арқылы өз экономикасын ғана сақтауды көздейтін батыстың әрекеттері дамушы елдерге әсер етеді. "Ешқайсымыздың протекционистік немесе біржақты саясат жүргізуге құқығымыз жоқ" деді Түркия президенті Режеп Ердоған.

Отырыс нәтижесі бойынша ұзақ әрі көлемді декларация қабылданды. Ол жерде G20 елдерінің барлығын эпидемиямен күресуге, бірлесе отырып вакцина әзірлеуге, ДСҰ-ны қолдауға және әлемдік экономиканы қолдау үшін күш біріктіруге шақыру ұмтылысы туралы жазылған.

Ол жерде не жазылмаған дейсіз. Белгілі бір дәрежеде әлемдік экономиканы және оның прагматикасын сақтаудың революциялық шаралары да бар. Мұны Путин әлемдік экономиканы "саяси қабыршақтардан" тазарту деп дұрыс атап өткендей.

Мәселен, Мәскеу мен Тегеран батысқа қазіргідей қиын кезеңде саясатқа негізделген экономикалық санкциялардан бас тарта тұруды ұсынды. Немесе, вирустың әсерінен зардап шеккен елдер (Иран сияқты) дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтарды қауіпсіз түрде сатып алуы үшін оларды ең болмағанда  жұмсартқан жөн еді.

 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Дағдарыс кезінде сауда соғысының орнына еркін сауда алаңы мен жасыл дәліздер құру, дәрі-дәрмек пен азық-түлік, жабдықтармен және технологиямен өзара жарақтандыруды санкцияларсыз іске асыру өте маңызды. Ең дұрысы, біз аса қат тауарларды шектеуге бірлескен мораторий жариялап, сондай-ақ қажеттіліктерді сатып алуы үшін қаржылық операциялар енгізуіміз керек. Путиннің пікірінше, "бұл олардың өмірі мен өліміне қатысты мәселе болғандықтан, ол – таза гуманитарлық мәселе".

Алайда, Ресей президентінің ұсынысы қабылданбады – оның орнына АҚШ тек санкцияларды күшейтеді. Арнайы өкіл Брайан Хуктың айтуынша, "АҚШ Иран режиміне барынша қысым көрсету саясатын жалғастырады". Осылайша, ол өзінің қалыптасқан жағдайларды түсінбейтіндігін және әлемді дағдарыстан кейінгі жарқын болашаққа бастағысы келмейтінін тағы бір көрсетті.

Тағы бір маңызды мәселе мұнай бағасын тұрақтандыру жайы болды. Алайда, тараптар бұл тұрақтандыру тәсілдері туралы әлі келіскен жоқ. Бірқатар елдер мен сарапшылар процестің кілті Путиннің қолында екеніне сенімді. Яғни, Мәскеу ОПЕК-ке қайта оралып, мұнай өндірісіне өз еркімен шектеу қоюы керек. Ал басқа сарапшылар керісінше, бұрынғы шартқа қайтудың мағынасыз екенін түсіндіреді.

ОПЕК+ елдері өндірісінің төмендеуі америкалық тақтатас мұнай компаниялары үшін мұнайдың қолайлы бағаға өсуіне сеп болады. Осылайша, ОПЕК+ мүше елдері үлесінің төмендеуі олардың әлемдік нарықтағы үлесін арттырады. Бұл өз кезегінде ұсыныстың артуына, бағаның төмендеуіне, ОПЕК+ елдері өндірісінің одан әрі төмендеуіне әкеп соғады.

Сондықтан, іс жүзінде мәселені шешудің кілті Сауд Арабиясы (олар бағаны төмендетуді тоқтатуы керек) мен АҚШ (компаниялары өркениетті түрде әрекет етуі тиіс) қолында. Вашингтон да, Эр-Рияд да мұндай кілтті пайдалануға әлі дайын емес. Дегенмен, ресми мәлімет бойынша G20-да мұнай бағасы туралы мәселе талқыланбаған. Бұл G20-ға мүше бірқатар елдердің әлемде "саяси күйзеліссіз" өмір сүргісі келмейтінін көрсетеді.

Жаңалықтар
0