ОПЕК-тің он сағаттық келіссөзінің нәтижесі қандай

© AP Photo / Ronald ZakАрхивное фото полицейского, охраняющего вход в здание, где расположена штаб-квартира ОПЕК в центре Вены
Архивное фото полицейского, охраняющего вход в здание, где расположена штаб-квартира ОПЕК в центре Вены - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9 сәуірде ОПЕК+ келісімі тараптарының он сағаттық онлайн-келіссөзі болғанына қарамастан, осы оқиғаның нәтижесі туралы әлі де толық түсінік жоқ

Көптеген ақпарат көзі тараптар өндірісті қысқарту туралы жаңа келісімге қол жеткізді деп ұйғаруда. Бірақ талқылау G20 форматында жалғасады, деп жазады Игорь Юшков.

Коронавирус мұнай бағасын өзгертеді

Кездесуге дейін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндірісін тәулігіне 10 миллион баррельге азайту мүмкіндігін талқылағаны белгілі. Бұл үлкен көлем, сондықтан көптеген сырттай бақылаушы үшін таңқаларлықтай көрінуі мүмкін. Бір ай бұрын (4-6 наурыз) елдер өндірісті тәулігіне 1,5 миллион баррельге азайту мүмкіндігін талқылап, келісе алмады. Сол себепті де 1 сәуірден бастап барлық мемлекет мұнай өндіру еркіндігін өз қолына алды. Ал енді тараптар мұнай өндірісін 10 миллион баррельге азайту жөнінде міндеттемелер қабылдауға дайын.

Архивное фото иракских рабочих на нефтеперерабатывающем заводе  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Коронавирус ОПЕК-ке қалай әсер етті
Мұның бәрі де нарықтық жағдайды өзгерту үшін қажет. Наурыз айының басында коронавирус негізінен Қытайдан тарады. Бұл ел карантиндік шаралардың шарықтау шегінде болып, ол отын тұтынудың айтарлықтай төмендеуіне әкелді (көліктер қозғалысы шектелді, бірқатар қалаларда кәсіпорындар мен қоғамдық көліктер жұмыс істемеді, ұшақтар аз ұшты). Мұндай төмендеу мұнайдың тұтынылуына да әсер етті. Мұнай өндіруді тәулігіне 1,5 миллион баррельге қысқарту арқылы пайда болған артық жеткізілімді теңгеру жоспарланған болатын.

Содан кейін Ресей Қытаймен бірлесе коронавирусты тез арада жеңіп, әрі қарай Қытай сұранысы қалпына келеді деп күтілген. Бірақ вирус бүкіл ғаламшарға тарады. Ал елдердің басым бөлігі карантиндік шаралар арқылы пандемиямен күресуде. Нәтижесінде бүкіл әлемнің, әсіресе Еуропаның мұнай тұтынуды азайтуы артық өндіруді күшейтті.

Сәуірде мұнай нарығындағы сұраныстан ұсыныс артып, күніне 15-20 миллион баррельге жетеді деп бағалануда. "Артық" мұнайдың барлығы құрлықтағы және мұнай құюға арналған қоймаларға жіберіледі. Тіпті, танкерлердің өзі қалқыған бөшкелер сияқты қолданылады. Мұнай өндіруді басқару жүйесі жоқ жерде, шығыны ең жоғары ойыншылардың өндірісті тоқтатуын күтуге тура келеді.

Атап айтқанда, АҚШ-тағы тақтатас мұнайын өндірушілер әлемдік баға барреліне 50 доллар болған кезде өндіруді ұлғайтуды тоқтатты. Ал бір баррелі 20-30 доллардан бағаланғанда, тақтатас мұнайын өндіретін жобалардың ешқайсысының тиімділігі болмайды. Сонда АҚШ-та мұнай өндіруді азайту үшін қанша уақыт қажет деген мәселе төңірегінде ғана сауал туындайды.

Алайда, қазір карантин шаралары салдарынан әлемде мұнай тұтынудың төмендеуі рекордтық деңгейге жетті. Оған қоса, экономикалық себептерге байланысты өндірісті қысқартуды күту мүмкін болмағандықтан, кейбір елдер өздері-ақ қысқартуда.

Өйткені, бір-бір жарым айдан кейін мұнай сақтайтын қоймалар толып кетеді де, мұнай өндірісін тоқтату керек болады: ол кезде ешкімге қажет болмай қалады. Сондықтан да мұнай қоймасы толғанға дейін Қытай мен Еуропа мұнайға деген сұранысты қалпына келтіреді деген есепке сүйеніп, ОПЕК+ келісімінің тараптары мұнай қоймаларының толып кету мерзімін кешіктіру үшін өндірісті тәулігіне 10 миллион баррельге қысқартуға уағдаласты.

Мәскеу үшін неге қиын

Әрине, Ресей үшін қазіргі келісім ауыр болады. 2016 жылы ОПЕК+ келісімін жасау кезінде, ел тәуліктік өндірудің тарихтағы максимумдық көрсеткішіне қол жеткізді және осы рекордқа дейін қысқарды. Сондықтан да Ресей үшін айқындалған "меже" ыңғайлы болды. Ал қазіргі кезде өндірісті стандартты деңгейден төмендету керек, яғни нақты өндірісті "қысқарту" қажет. Нәтижесінде ЖІӨ төмендеуі мүмкін және елге түсетін валюта ағыны азаяды.

Мұнымен қоса, әлем мұнай баррелінің нөлдік құнын көрмейді, ал мұнай қоймаларының толып кету сценарийінде не болуы мүмкін. Сонымен қатар, ОПЕК+ келісімінің болуы мұнай бағасының қалпына келуін тездетеді. Бір баррельге 50 доллар алу оны еселеп сатқаннан гөрі жақсы.

Айта кетерлігі сол, аталған келісім мәңгілік емес екенін есте ұстаған жөн. Бұл өндіріс квоталарын көбейтуді көздейді, яғни елдер мұнай өндірісінің бұрынғы қалпын біртіндеп қайтара алады. Сауд Арабиясына қарағанда Ресей үшін өндірісті көтеру және төмендету бірқатар себептермен қиынырақ.

Анықтама: ОПЕК+ келісімі – 2016 жылы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) және бірқатар басқа ірі мұнай өндірушілер – Ресей, Әзербайжан, Қазақстан, Мексика, Малайзия мен басқа да елдер арасында жасалған келісім.

Жаңалықтар
0