Әлем

Су-35 ұшағы Сирия аспанында АҚШ барлау ұшағын бірнеше рет ығыстырды

© Sputnik / Антон Балашов / Медиабанкке өтуИстребитель Су-35С
Истребитель Су-35С  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік Су-35 ұшағы Жерорта теңізінің үстінде америкалық барлау-зерттеу ұшағының алдынан 25 фут (7.62 м) қашықта ұшып өткені жайлы мақала АҚШ басылымдарында жарияланды

Тәуелсіз Сирия шекарасына жақын маңда америкалық әскери барлау ұшақтарының жиі ұшуы және бұл ұшақтарды Ресей Су-35 ұшағының ұстап алуы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери-саяси ықпалын сақтауға деген ниетін көрсетеді, деп жазады әскери шолушы Александр Хроленко.

Ал бұл Ресейдің Хмеймим мен Латакия базасының қауіпсіздігі мен жауынгерлік тиімділігі жолында АҚШ пен НАТО-ның Жерорта теңізінің жағалауындағы барлау ұшақтары үшін "ашық аспан" деген ұғымға сәйкес келмейді.

Ресейлік Су-35 ұшағы апта ішінде америкалық "Посейдон" (P-8A Poseidon) ұшақтарын бірнеше рет ұстап, шекарадан ығыстырды. 2015 жылдан бері аймақтағы ахуал айтарлықтай өзгерді, бірақ бұл Пентагонның пайдасына емес. Ресейдің стратегиялық (ұзақ мерзімді) әскери қатысуы батыста тітіркендіретіні объективті шындық.

Район Джобар в пригороде Дамаска - Sputnik Қазақстан
"Кім кінәлі?": Сирия тағы отқа оранды
АҚШ әскери-теңіз күштерінің 6-флоты баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 сәуірде ресейлік Су-35 ұшағы Жерорта теңізінің үстінде  америкалық P-8A Poseidon барлау-зерттеу ұшағының алдынан 25 фут (7.62 м) қашықта ұшып өтті. "Посейдон" экипажы бұл сигналға бірден жауап бермегендіктен, оны 100 минут ішінде екі рет ұстап, турбуленттілік сездірді. Осындай жағдай төрт күнде екі рет қайталанды.

Бұған дейін АҚШ 15 сәуірде Жерорта теңізі үстіндегі халықаралық әуе кеңістігінде америкалық барлау ұшақтарынан сегіз метр қашықтықта Су-35 жойғышының ұшуына байланысты Ресейге наразылығын білдірген болатын. Америкалық "Посейдон" ресейлік ұшқыштың жауапсыз әрекеттері мен құрметсіз реакциясына арандап қалмай, Су-35 ұшағынан турбуленттілікті сезінген жоқ. "Ыстық аймақта" мұндай кездесулер жиілене түсуде. Оның себебі неде және кімді кінәлі?

Пентагон Ресей әскери-әуе күштерінің ұшқыштарын 1972 жылғы "Ашық теңіз бен оның үстінде оқиғаларды болдырмау туралы" келісімді сақтауға шақырды. Ресей қорғаныс министрлігі Су-35 Хмеймим авиабазасынан америкалық ұшақтың Сирияның Тартусындағы Ресей әскери-теңіз нысанына қауіпті жақындауына байланысты ұшып шықты деп жауап берді.

Ресей әскери департаменті ресейлік авиацияның рейстері әуе кеңістігін пайдаланудың халықаралық ережелеріне сәйкес орындалатынын бірнеше рет атап өтті. Ресей әскери-әуе күштерінің ұшқыштары аспанда "бұзақылыққа" жол бермейді. АҚШ-тың барлау ұшақтары Су-35 жойғышының маневрін сынға алып, қайда ұшу керектігін көрсетуі қажет емес. Бұл кәдімгі практикалық тұрғыда ілесе жүріп, жетекке алу тәжірибесі.

Америкалық ұшқыштар Жерорта теңізінің үстіндегі "қауіпті маневрлердің" себептерін жақсы біледі. Наурыз айының басында америкалық сарбаздар Аляска маңындағы бейтарап су үстінен Ресейдің ұзақ қашықтықты қайыққа қарсы Ту-142 ұшағын төрт сағат бойы жетегіне алып, еріп жүрді.

Әскери-саяси шындық мынадай, егер бүгін америкалық барлау ұшақтары "шеңберді кесіп тастайтын" аймаққа енсе, Tomahawk қанатты зымырандары (Пентагонның арсеналында 5000-ға жуық) ертең ұшуы мүмкін. Сирияда мұндай жағдай бұрын болған (2017 жылдың сәуірінде). Сол кезде Ресей аэроғарыштық күштерінің жойғыш авиациясының кезекші күштері қатаң ережелерге сәйкес әрекет етті.

Boeing P-8A Poseidon "патруль" және "қайыққа қарсы" деп аталады. Оның мүмкіндіктері әлдеқайда кең, Жерорта теңізі үстінен ұшатын аппараттар құрлықтағы әскери нысандарға радио-барлау жұмыстарын сәтті жүргізе алады (Raytheon AN/APY-10 радио барлау жүйесі). Жақында "Посейдонда"  кеңейтілген Advanced Airborne Sensor іздестіру радарын (екі жақты белсенді фазалық тор) іске қосты. Бұл жердегі нысандарды айнала іздеуге мүмкіндік береді. Raytheon AN/APS-137D көп мақсатты радиолокациясы аумақтың егжей-тегжейлі карталарын "түсіріп", әуе және су үстіндегі нысандарды анықтайды.

Идлиб провинциясындағы Әбу-Духур гуманитарлық дәлізі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей Сирия үкіметінің Идлибтегі атысты тоқтату туралы шешімін құптады
Ұшақ Smiths Aerospace заманауи көру және навигациялық жүйесінің арқасында кең ауқымды көптеген жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қабілетті. Жауынгерлік жағдайда әрекет ететін "Посейдон" тек терең бомбалармен немесе Mk.54 торпедаларымен ғана емес, сонымен қатар реттелетін SLAM-ER бомбаларымен, кемеге қарсы басқарылатын AGM-84K Harpoon зениттік зымырандарымен, "әуе-жер" AGM-65 Maverick зымырандарымен және радиолокациялық барлау жүргізетін орташа қашықтықтағы "әуе-әуе" AIM-120 AMRAAM зымырандарымен, тіпті жойғыш ұшақтарға қарсы ұрысқа қатысуға мүмкіндік беретін құрылғылармен жарақтандырылған.

Америкалық беделді The National Interest басылымы: "Қақтығыс туындаған жағдайда, бұл ұшақтар қарақшылардың сүңгуір қайықтарын табу мен жоюдың, сондай-ақ жау жағындағы кемелердің қозғалысын бақылаудың маңызды міндеттерін орындайды" деп жазады. Әрине, "қарақшылар" Вашингтонда тағайындалатыны сөзсіз.

Осы тұрғыдан алғанда америкалық шағымдар мен наразылықтар орынсыз. Ресейдің әскери базаларына қатысты жауынгерлік барлау миссиясын P-8A Poseidon экипажы үшін (тоғыз адам) турбуленттілікпен тоқтату, жауынгерлік кезекшілік аймағында Су-35 ұшағымен кездескенде ықтималдығы аз.

Егер АҚШ Ресейдің аймақтағы мүдделерін елемеуге тырысса, әуе мен теңіздегі және құрлықтағы жағымсыз кездесулер жалғасуы мүмкін. Бірақ, Вашингтон Сирияға жақын жердегі Иорданияға F-35A шабуылдаушы-жойғыш ұшақтарын көрнекі түрде беру арқылы мәселелерді түзетуге тырысқанымен, АҚШ өңірде жоғалған "америкалық ерекшелікті" енді қалпына келтіре алмайды.

Ресейдің Хмеймим мен Латакия әскери базасы заңды түрде Сирия жерінде орналасқан. Мұнда Ресей федерациясының стратегиялық маңызы бар объектілері шоғырланған, қару-жарақтың және әскери техниканың соңғы түрлері қолданылады. Атап айтқанда, Су-35С ұшағы, теңізге негізделген "Калибр" қанатты зымырандары мен "Х-101" әуе базасындағы қанатты зымырандар, "Терминатор" жауынгерлік техникалары қолданылып, "Армата" Т-14 танктері сынақтан өткізілді.

ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан РФ мен АҚШ арасындағы Сирия жөніндегі келісімдер бойынша мәлімдеме жасады
Кейде Сирияда НАТО-ның радарларында көрінбейтін жаңа Су-57 ұшағының жүйелері жұмыс істейді. Мұның бәрі батыс стратегтерінің шынайы және зиянды қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар, қызығушылық тек техникалық сипаттамаларға, объектілердің орналасуына немесе координаттарға ғана байланысты емес. Бұл деректер жанама соққылар үшін де пайдалы болуы мүмкін (ұшқышсыз ұшу құралдармен қаруланған заңсыз топтар үшін).

Ресейлік күштер шоғырланған аудандар мен жоғары технологиялар аспаннан, теңізден және құрлықтан сенімді жабуды қажет етеді. Сондықтан Сирия жерінде "Триумф" S-400 зениттік-зымырандық жүйелері мен "Фаворит" S-300 зениттік-зымырандық жүйелері, "Панцирь-С1" зениттік және зеңбірек жүйелері, истребительдік авиация эскадрильясы үнемі дайындықта. Жерорта теңізіндегі әскери қауіп-қатерлер мен ашықтыққа Ресей тек баламалы түрде ғана жауап береді.

Айта кетейік, Ресей әскерлері Сирия аумағында республиканың ресми органдарының өтініші бойынша орналасқан. Ал АҚШ әскери-теңіз күштері 6-шы флотының кемелері мен ұшақтары Жерорта теңізі аймағында өз бастамалары бойынша қатысуда.

Жаңалықтар
0