Әлем

Экспорттық әлеуеті 1 миллиард доллар: "Бумерангтың" ерекшелігі қандай?

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуТанк команды-участницы "Индивидуальной гонки" женских экипажей в конкурсе "Танковый биатлон" на "АрМИ 2019"
Танк команды-участницы Индивидуальной гонки женских экипажей в конкурсе Танковый биатлон на АрМИ 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бумеранг" бронетранспортерлерінің бірегей технологиясы мен жауынгерлік мүмкіндіктері Ресей мен оның одақтастарының қорғаныс қабілетін арттырады

Сондай-ақ, заманауи әскери қақтығыстар мен халықаралық нарықта ресейлік қару-жарақтың басымдығын еселей түседі, деп жазады әскери шолушы Александр Хроленко.

"Рособоронэкспорт" компаниясы 23 сәуірде "Бумерангтың" жаңа үлгіге сай бірыңғай әскери платформасын сыртқы нарыққа шығара бастағанын хабарлады. Кәсіпорынның бас директоры Александр Михеевтің айтуынша, жақын болашақта экспорт көлемі 1 миллиард долларды құрайды. Мұндай бағалауға сенімді технологиялық және маркетингтік себептер бар (жоғары сапа және қолайлы баға). Ал машинаға деген қызығушылықты Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері танытуда.

Репетиция парада Победы в Екатеринбурге - Sputnik Қазақстан
"Армата" танкісін Сирияда не үшін сынақтан өткізіп жатыр
"Бумеранг" Ресей қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалды. Сондықтан ол соғыс қимылдарының қазіргі және болашақтағы жағдайларына жауап бере отырып, әскери және жедел мүмкіндіктердің үлгісі болып табылады. Сондай-ақ, бұл техникада қашықтан басқару мен жүйені роботтандыру сияқты маңызды талаптар ескерілген. Сол үшін де машина көптеген революциялық инженерлік шешімдердің нұсқасы болды.

"Бумерангтың" жауынгерлік артықшылығын әйгілейтін құралдар мен технологиялар: қуатты қарудың икемді конфи"гурациясы мен қару тұрақтандырғышындағы отты бақылаудың цифрлы жүйесі, лазерлік диапазон мен баллистикалық компьютері бар көп арналы оптикалы-электрондық көздеу жүйесі бар.

Құрылғыда атыс қаруы мен миналық-жарылғыш құрылғылардан және артиллериялық снаряд жарықшақтарынан қорғанудың көп деңгейлі сатысы: заманауи көп қабатты құрыш, динамикалық және белсенді қорғаныс жүйелері әрі түтін экраны орнатылған. Бұл жарылыс кезінде экипаж мүшелері (үш адам) мен десанттық күштердің (8-ге дейін) аман қалуына мүмкіндік береді.

Жоғары өміршеңдігі бар "Бумеранг" ұрыс алаңында жарылғыш құрылғылардың радиобасқарылуын қамтамасыз ететін блокираторлармен, корпусының ерекше формасымен, деформацияланған бояуы және жаппай қырып-жою қаруынан қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етілген.

"Бумеранг" модульдік платформасы бейбіт күн мен соғыс уақытында, табиғи апаттар мен террористік топтарға қарсы күресте әртүрлі қару-жарақ жабдықтары мен мамандандырылған қуатты бронетранспортерлер желісін құруға мүмкіндік береді.

Әскери мүмкіндіктері

"Бумеранг" алғаш рет 2015 жылы Мәскеудегі Жеңіс парадында көпшілікке таныстырылды. Жауынгерлік мүмкіндіктері мен тапсырмаларды орындау ауқымы бойынша машина көптеген шетелдік аналогтардан асып түседі. Жақын болашақта "Бумеранг" "Aрмата" танкісімен және T-15 жаяу әскерге арналған жауынгерлік машинасымен (шынжыртабанды платформада) бірге Ресейдегі құрлықтық әскери күштердің негізіне айналады.

НАТО оқу-жаттығулары - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ қарулы күштерінің әлсіз тұсы анықталды
Функционалдық мақсатына байланысты, жауынгерлік модульдер әмбебап платформада – тұрғылықты немесе қашықтан басқарылатын қару жүйелеріне орнатылады. "Бумеранг"-тар 30 миллиметрлік (немесе 57 миллиметрлік) автоматты зеңбірекпен және қосақталған 7,62 миллиметрлік пулеметпен, 30 миллиметрлік автоматты гранатометпен және 12,7 миллиметрлік "Корд" пулеметімен, екі танкке қарсы зымыран құрылғысымен (жою ауқымы 10 шақырымды құрайтын танкке қарсы 4 "Корнет" зымыранымен) жабдықталған. Шассидің беріктігі мен конструкциясының төзімділігі күшті зеңбіректер мен зениттік зымыран кешендерін орнатуға мүмкіндік береді.

Ауа-райының кез-келген жағдайында экипаждағы қару-жарақ жүйелері күндіз де түнде де, бір орында тұрып, тіпті қозғалып бара жатып та, суда жүзіп те, қарсыластардың жеке құрамы мен атыс нүктелеріне, бронды және бронсыз нысандарға тиімді соққы беруге мүмкіндік береді. Оның ішінде төмен жылдамдықты әуе кемелеріне де дөп тигізе алады ("Бумеранг" тіпті тікұшақтармен де күресуге қабілетті). Навигациялық және барлау құрылғыларына негізделген сандық басқару машинаның тактикалық деңгейін бірыңғай бақылау жүйесіне бірігуін қамтамасыз етеді.

Өрт кезінде бронетранспортерлердің негізгі міндеттерінің бірі – әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Сондықтан да қару-жарақ пен оқ-дәрілер кешені экипаж бен десанттан оқшауланған. Жоғарғы бөлікте орнатылған қорғаныс жүйесі техниканы жоғары дәлдікті танкке қарсы зымырандар мен снарядтардан қорғайды. Жоғары жылдамдық пен маневрлік  модульдік схеманың өзі де қорғанысқа бейім: басқару бөлімі сол жақ алдыңғы бөлікте, моторлы-трансмиссия бөлімі алдыңғы оң жағында, жауынгерлік бөлім оң жақта, ал десант бөлімшесі азық-түлік бөлігінде орналасқан.

750 аттың күші бар үнемді дизельді қозғалтқыш 20 тонналық автомобильді тас жолда 100 км/сағаттық, ал жолсыз жермен 50 км/сағаттық жылдамдықпен, жоғары маневрлік қабілетпен (толық жетекті 8 доңғалаққа күшті тең түсіріп) және 800 шақырымға жететін жанармай резервімен қамтамасыз етеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, БТР-82А тас жолда 80 км/сағат, ал жолсызда 40 км/сағаттық жылдамдыққа ие.

Жауынгерлік техниканың амфибиялық қасиеттері үш баллға дейінгі толқынды су бөгеттерін еңсеріп, суда 10 км/сағаттық жылдамдықпен және 12 сағаттық жанармай резервімен қамтамасыз етеді. Жоғары сенімге ие бронетранспортерлердің доңғалақты базасы күрделі жөндеуаралық ресурстартан өмкізіп, пайдалану шығын көлемін азайтады (шынжыртабанды техникаларды пайдалану шығыны жоғары). Әрине, мұндай жан-жақты және қуатты платформа түрлі мақсаттарда қолданылады (барлау машинасы, радиоэлектронды жүйелер күресінің тасымалдаушысы, медициналық қызмет, және тағы басқалар).

Бәсекелестерден бір бас жоғары

Қазіргі заманғы халықаралық қару-жарақ нарығысан түрлі  бронетранспортерлермен толықты: америкалық Stryker, канадалық LAV, швейцариялық Piranha, француздық VBCI, неміс-голландиялық Boxer, австриялық Pandur, түркиялық Pars. Бұл салада жыл сайын миллиардтаған доллар айналымда жүреді. Ресей жаңа әскери бронды техниканы жеткізушілер рейтингінде бұған дейін бірінші орынға ие болған. Мәселен, 2010-2017 жылдар аралығында 1,483 миллиард долларға 1 206 техника сатылды, экспорт негізін БМП-3 пен БТР-80А техникалары құрады. "Бумеранг" – Ресей қорғаныс өнеркәсібінің позициясын тек күшейтеді.

АрМИ 2019 - рекорды финала - Sputnik Қазақстан
Видео
Халықаралық армия ойындары-2019: финалдың ең айшықты сәттері - видео
Мысалы, америкалық Stryker буыны өз аналогтарынан қару-жарақ пен қозғалтқыш қуатының төмендігінен (бар-жоғы 350 аттың күшіне тең) кейін қалады. Stryker бронды машинасы америкалық General Dynamics Land Sistems пен канадалық General Motors Defence компаниясының бірлескен жобасы негізінде канадалық LAV III Kodiak брондалған персоналды тасымалдаушы базасында жасалған. Өз кезегінде "канадалық" швейцариялық KБM Piranha III-тің көшірмесі болды. Stryker жауынгерлік техникасы 2000 жылдардың басында АҚШ армиясында құрылған механикаландырылған бригадаларды жабдықтауға арналған болатын (олар M1 "Абрамс" және БМП M2 "Брэдли" танктері мен жеңіл жаяу әскер бригадалары арасында).

"Стайкер"-лер 2015 жылға дейін бар болғаны 12,7 миллиметрлік пулеметпен қаруланды, оның 30 мм зеңбірекпен жабдықтала бастағанына көп бола қойған жоқ (Еуропада).

Америкалықтар канадалық LAV-III бронды машинасын "Стрейкер" үшін негіз ретінде алды. Нәтижесінде, өтімділігі төмен және маневр жасау мүмкіндігі ауыр автомобиль пайда болды. Олар ресейлік БТР-80-мен бәсекеге түсе алады, бірақ ұрыс алаңында БТР-82А-мен салыстырғанда америкалық (M1126 Stryker) жетістікке жете алмайды. Екі шақырымдық қашықтықта ресейлік бронды машинаның 30 мм зеңбірегі нысананы талқандауға кепілдік берілген.

Басқаруға икемді "Бумеранг" мүлдем басқа технологиялық деңгейді ұсынады. Бұған дейін біз нұсқаларды егжей-тегжейлі қарастырдық. Тағы бір мысал: жартылай автоматты басқару жүйесі бар "Корнет" танкке қарсы басқарылатын зымыран құрылғысы нысанды жартылай автоматты басқару жүйесі өздігінен бақылай алады және оны жойып жібереді. Сонымен қатар, оптикалық локаторлар бүркеніш нысандарды анықтай алады.

Шынайылық үшін батыс еуропалық үлгілерді де қарастырайық. Әлемдік деңгейде толықтай заманауи саналатын әрі танымал скандинавиялық Patria AMV бронды машинасы (armored modular vehicle) 2004 жылдан бастап жаппай шығарыла бастады (екі мыңға жуық осындай техника сегіз елдің әсери есебінде бар). Patria-ның негізгі түрленуі: бронетранспортерлер, доңғалақты жаяу әскерлер, медициналық және жөндеу-эвакуациялау машиналары, өздігінен жүретін танкке қарсы жүйелер мен минометтер.

"Бумерангпен" (540 а.к.) мұқият салыстырудан кейін скандинавиялық машинаның қозғалтқыш қуаты мен қорғанысы және қару-жарақ жағынан кемшілігі байқалады. Patria-ның нұсқалары тым қарапайым көрінеді: 30 мм Mk-44 Bushmaster II 7,62 мм UKM пулеметі, танкке қарсы қару (Patria AMV БМП) немесе Browning / 12,7 мм (Patria AMV БТР) орнату мүмкіндігі бар. Бірақ бұл жерде екеуін бірден емес, біреуін таңдау арқылы орнатылатынын баса айту керек.

"Бумерангтың" айналу радиусы барлық жағынан қарағанда өте күшті. Ал Patria-ның немесе еуропалық аналогтарда ол жартысына ғана тең. Себебі ресейлік дизайнерлер басқарылатын дөңгелектерді бұраудың аралас әдісін қолданған. Жоғарыда атап өткендей "Рособоронэкспорт"-тың миллиард доллары (әлемдік нарықта) бірінші сатыдағы бағдарлама сияқты көрінеді әрі технологиялық артықшылығы да соншалықты айқын. Осы кезге дейін ресейлік қару-жарақ шығарушылардың шынжыртабанды бронды техникалары жоғары бағалануы заңдылық болған. Ал енді бүгінгі таңда доңғалақты "Бумеранг" бронетранспортерлері біздің көз алдымызда сенімді түрде алға жылып келеді.   

Жаңалықтар
0