Ресейлік әскери дәрігерлер Италиядан оралды: коронавируспен күресте нәтиже қандай?

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуСовместная работа российских и итальянских врачей в полевом госпитале Бергамо
Совместная работа российских и итальянских врачей в полевом госпитале Бергамо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс мамандары мен әскери дәрігерлердің біріккен отряды COVID-19 пандемиясының еуропалық эпицентрінде өз міндеттерін лайықты деңгейде атқарып шықты

Ресейге оралғаннан кейін олардың коронавирус инфекциясымен күрестегі "италиялық тәжірибесі" сұранысқа ие болуы мүмкін.

COVID-19-бен күресте Италияға көмектескен ресейлік "медициналық арнайы күштердің" мамандары мен жабдықтары тиелген оныншы Ил-76 әскери әуе кемесі Мәскеу түбіндегі Чкаловский аэродромына қонды.

 Бұған дейін Ресей Италия халқына тікелей көмек көрсету үшін сегіз мобильді топ (100-ге жуық жетекші әскери вирусологтар мен дәрігерлер), диагностикалық жабдықтар, көлік пен аумақты аэрозольмен залалсыздандыруға арналған автомобиль кешендері, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің 15 зертханасының бірі (РХБҚ) мен өзге де медициналық жабдықтар жіберген болатын.

Ресей қорғаныс министрлігінің ұшақтары жедел түрде Римнен 30 шақырым қашықта орналасқан Pratica di Mare авиабазасына әскери қызметкерлер мен жұмысқа қажетті барлық материалды жеткізді.

Ресейлік мамандар Италияға 23 наурызға қараған түні келе бастады. Ал 7 мамырға дейін олар көптеген жауапті әрі күрделі операциялар жүргізді. Атап айтқанда, Ломбардия аймағы мен Брешиа провинциясының 100 елді мекеніндегі қарттарға арналған және басқа да эпидемиологиялық күрделі объектілерді толығымен зарарсыздандырды. Сапар барысында барлығы 120 ғимарат пен құрылым, 1 миллион 200 мың шаршы метр үй-жай аумағы, 500 мың шаршы метрден астам жол төсемдері өңделді.

Сонымен қатар, Бергамода (6 сәуір) далалық аурухана ашылған сәтте-ақ ресейлік әскери дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырған 115 науқасты емдеуге қабылдады. Ауруханада сегіз дәрігер-мейірбикелік бригада мен қорғаныс министрлігінің 32-ден астам маманы үш ауысыммен тәулік бойы интенсивті терапия бөлімшелерінде жеңіл және орташа ауыр хәлдегі науқастарды емдеді. Ресейге оралғаннан кейін "медициналық арнайы күштер" отряды санитарлық-эпидемиологиялық шаралардан өтеді. Пандемияны әлі жеңбегендіктен, олар қайта қызметке кірісетін болады.

Жеті аптаға созылған шайқас

Халықаралық ынтымақтастықтағы бұл тәжірибе коронавирус пандемиясымен күресте өте пайдалы болды. Ресей президенті Владимир Путин 21 наурызда Италия премьер-министрі Джузеппе Контемен телефон арқылы сөйлесіп, коронавируспен күресте көмектесуге дайын екендігін растады.

Дезинфекция столицы - Sputnik Қазақстан
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
Осыдан кейін Ресей өз қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, екі күннің ішінде заманауи технологиялармен жабдықталған медициналық топты Италияға он бес Ил-76 ұшағымен жіберді. Италияның сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо мен Италия қарулы күштері бас штабының бастығы Энцо Вичерелли ресейлік құтқарушылар десантын әуежайда қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, Италияда 31 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды (өлім көрсеткіші – 14%). Бергамо қаласы наурыздың ортасына қарай "коронавирус тозағына" айналды, ал жергілікті крематорий бұл жұмысты реттей алмады.

Республикада 4 800-ден астам медицина қызметкері вирусты жұқтырды – бұл Қытайдағыдан екі есе көп. Осындай жағдайда ресейлік мамандар бірден жұмысқа кірісті. 

14 мамырдағы жағдай бойынша Италияда 115 288 адам COVID-19 індетінен емделді, 74 194 адам аурудың белсенді фазасында қалды (көп, бірақ одан бірнеше есе көп болуы мүмкін еді). Ресейлік мамандардың COVID-19-бен жеті апталық күресі үшін Италия халқы ризашылық білдірді.

Сондай-ақ, Италияның қорғаныс министрі Лоренцо Гуэрини шынайы алғыс айтып, көмек көрсетуге әркез дайын екендігін жеткізді. Демек, екі елдің әскери-медициналық ынтымақтастығы пандемиядан тыс кезде де жалғасын табуы мүмкін.

Ресейдегі жағдай қалай

Бүгінде Ресейде күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. 2 мамырдан бастап алғаш рет бір тәулікте COVID-19 вирусы анықталғандар 10 мың адамнан аз болды. Дегенмен, жалпы статистика (252 мыңнан астам адам) бойынша Ресей Федерациясы АҚШ пен Испаниядан кейін үшінші орында тұр.

Ресей қорғаныс министрлігінің мамандары 15 мамырға дейін тағы сегіз көпсалалы медициналық орталықты пайдалануға береміз деп отыр. Осылайща ведомство елдің 15 аймағында 16 көпсалалы медициналық орталық салу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындайды. Егер мұндай мөлшерде қажет болмаса, олар резервте қалады. Бірақ пандемиямен күресуде бұл тәжірибе өте маңызды. Алда қандай жаңа вирустар күтіп тұрғанын ешкім білмейді.

Жаңалықтар
0