16:09 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
16910

Ресейде екі атомдық суасты қайықтар тобы биыл теңізде сынақтан өткізіледі. Севмаш кәсіпорнында қазір жұмыс жүріп жатыр

"Ясень-М" мен "Борей-А" жобасының суасты қайықтары түрлі дайындық деңгейінде: "Князь Владимир" әскери-теңіз күштеріне тапсырылуға дайындалып жатса, "Казань" сынақтан өткізілуде, ал "Белгород" пен "Новосибирск" былтыр эллингтен шығарылды. Ресей әскери-теңіз күштері иелігіне шамамен 10 жаңа сүңгуір қайығын алып, олардың санын 80-ге жеткізбек. Оның ішінде "Борей-А" жобасының екі стратегиялық крейсері, көп мақсатты екі "Ясень-М" мен бір "Варшавянка" субмаринасы бар. Осы орайда, сүңгуір қайықтар – адамзаттың ең күрделі және мінсіз қаруы екенін атап өту керек. 

украиналық кемелер
© Photo : Пресс-служба пограничного управления ФСБ РФ по Республике Крым
Ресей әскери-теңіз күшінің құрамында үш стратегиялық "Борей" бар: "Юрий Долгорукий", "Александр Невский" және "Владимир Мономах". "Юрий Долгорукий" зымыран тасығыш сериясында жетекші болды (2013 жылы Солтүстік флот құрамына кірді). Алғашқы үш кеменің шахтасында 16 "Булава" құрлықаралық баллистикалық зымыраны бар, одан кейінгілерінде бұдан көп болуы мүмкін (сипаттамалары жарияланбай отыр).

Төртінші буынға жататын стратегиялық он суасты қайығы (үш "Борей" мен жеті "Борей-А") таяу онжылдықтарда ресейлік ядролық үштағанның негізі болады.

Зымыранның максималды қашықтығы – 8 мың шақырым. "Булава" қарсыластың зымыранға қарсы қорғанысын еңсеретін заманауи жүйеге, жоғары жылдамдыққа, қуатты қозғалтқышқа ие.

"Ясень-М" жобасының сүңгуір қайықтары миналармен, 533 мм торпедалармен, "Калибр" және "Оникс", қанатты зымырандарымен, сондай-ақ гипердыбыстық "Цирконалармен" жабдықталған. Бортта радиоэлектронды қарудың заманауи кешендері бар. Бұл типтегі көп мақсатты су асты қайықтар 520 метр тереңдікке дейін сүңгуге қабілетті. Автономды дербестігі – 100 күн, су астындағы жылдамдығы – 31 узелге тең. Ал экипажы 64 адамды құрайды. "Ясень" жобасы туралы бір факті - ресейлік "Северодвинск" сүңгуір қайығын Атлант мұхитында АҚШ әскери-теңіз күштері бірнеше апта бойы таба алмаған.

Бүгінде Ресей бесінші буындағы атомдық суасты қайықтары флотының негізін қалауда. Ол үшін қару-жарақ түрлері жаңартылуда, байланыс және бақылау, сондай-ақ барлаудың автоматтандырылған жүйелері енгізіліп жатыр.

АҚШ мамандары Ресейдің "бортында континентаралық баллистикалық зымырандары бар "Борей" 955A жобасының ядролық суасты қайығын жасап жатқанын" мойындауға мәжбүр. The Drive басылымы "Князь Владимир" крейсерінің мүмкіндіктеріне, шуды айтарлықтай төмендететін және суасты қайығының тиімділігін арттыратын конструкторлық шешімдеріне алаңдаушылық білдіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, "Борей" жобасы крейсерінің құны 400 миллион долларға жетеді.

Салыстыру үшін айта кетейік, АҚШ-тың көп мақсатты Virginia сүңгуір қайығы Пентагонға 2,5 миллиард долларға түсті. Ресейдің әскери-теңіз флотында жаңа стратегиялық зымыран тасығыш "Князь Владимирдің" пайда болуын америкалықтар мен олардың одақтастары жауап бере алмайтын қиындық ретінде қабылдады. 

Загрузка...

Басты тақырып