22:57 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
17910

Ресей Федерациясының қарулы күштері Қара теңізде кезекті әскери жаттығуларын өткізді. 19 мамырда әуе-ғарыш күштерінің зымыран тасығыш Ту-22М3 бомбалаушы ұшақтары бейтарап су аймақтарын шолып шықты

Негізі, ресейлік ұшқыштар Арктика, Солтүстік Атлантика, Тынық мұхит, Балтық мен Қара теңіздердің үстімен жиі ұшып тұрады. Ондай шаралар әуе кеңістігін пайдаланудың халықаралық ережелеріне сай атқарылады. Алайда ол күні әскери дайындық аспанда ғана емес, Қара теңіздің үстінде де, астында да ұйымдастырылды.

Қара теңіз флотының "Адмирал Макаров" пен "Адмирал Эссен" атты зымыран фрегаттары кешенді кеме жаттығуларын орындаса, қайыққа қарсы "Муромец" пен "Ейск" шағын кемелері сүңгуір қайықты іздеп, торпедалық атыс жасап шықты. Ал қарсыластың рөлін "Колпино" субмаринасы атқарды. Бұдан бөлек, Қара теңізге "Ростов-на-Дону" сүңгіур қайығы да шығарылды. Оның бортында "Калибр" зымырандары болды. Дәл осы субмарина Жерорта теңізінің акваториясынан Сириядағы Ислам мемлекетінің* командалық бекеттеріне зымыранмен жаппай соққы жасаған болатын.

Аспанда Ту-22М3 зымыран тасығыш ұшақтары су аймағын төрт рет айналып шықты. Негізі, осы санаттағы ұшақтар стратегиялық және шұғыл тактикалық авиацияның ортасын алып отыр. Әлем бойынша оған тең келетін аппарат жоқ. Оның бортында зымырандар ғана емес, авиациялық бомбалар да бар. Онымен жердегі нысандарды жоя алады. Ал теңізде ұшақ таситын кемелерді оп-оңай суға батыра алады. Сосын ауа райына қарамайды. Сағатына 1 000–2 300 шақырыммен ұшып келіп, зымыранды да, бомбаны да жібере алады.

Осы санаттағы ұшақтарды, көбінесе, Х-32 мен Х-101 үлгідегі зымырандарды жеткізуге қолданады. Ядролық оқтұмсығы бар Х-102 зымыранын да тасымалдайды. Ал модернизациядан өткен Ту-22М3 ұшағы X-47М2 үлгідегі "Кинжал" атты төрт бірдей зымыранды көтере алады. Мамырдың басында дәл осы ұшақпен жаңа гипердыбыстық зымыранды сынықтан өткізген болатын. Оны арнайы Ту-22М3 үшін шығарған.

"Адмирал Макаров" пен "Адмирал Эссен" зымыран фрегаттарының әскери маневрлары да сәтті орындалды. Осы екі кемеде "Калибр" зымыран кешендері орнатылған. Бірақ "Оникс" зымырандарын да қолдануға болады. Фрегаттар 400 шақырым шалғай жерде жүрген кемелерді жоя алады, ал ЗМ-14 зымыраны 2 500 шақырымға дейін ұшады. Сүңгуір қайықтарға қарсы торпедалық аппарат пен Ка-27 маркалы тікұшақтар бар. Ал корпус конструкциясында "Стелс" технологиясын қолданған.

Қазіргі кезде Қара теңіз флотында 11 356 жоба бойынша салынған үш фрегат бар. Жалпы, алтау болады деген жоспар бар. Осы санаттағы кемелер базаға көп кірмейді. Жерорта теңізінде қызмет атқарады, тіпті, Үнді мұхитына да шығып тұрады.

Ал "Ростов-на-Дону" мен "Колпино" экипаждары осы жолы жаудың рөлін ойнап шықты. Өздері де судың астында қарсыласты іздеу операциясын орындады. Кезек-кезек барлау шараларын өткізіп, шабуыл ұйымдастырды. Әрбір сумбаринада "Калибр" зымырандары, 533 мм торпедалық аппараттар мен миналар бар. 300 метр тереңдікке дейін түсуге мүмкіндік бар. Экипаж судың астында бір жарым ай жүре алады.

АҚШ пен НАТО-ның әскери-теңіз және әскери-әуе күштері Қара теңіз аймағына жиі шыға бастады. АҚШ-тың эсминецтері туды салып, "Томагавк" зымырандарын көрсетеді. Болгария мен Румынияда альянс күштерін қабылдау мен орналастыруға арналған әскери инфрақұрылым жасақталып жатыр. Жақында румыниялық "Câmpia Turzii" әскери базасы да АҚШ үшін өз есігін ашты.

Әрине, Ресей оған бей-жай қарай алмайды. Сол себепті Ту-22М3 зымыран тасығыштар Қырым жаққа ауыстырылды.

РФ ҚК бас штабының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы НАТО елдері әскери шығындарын 130 миллиард долларға жеткізген. Ал 2024 жылы аталған сома 400 миллиард долларға артады деген жоспар бар. Ресейлік қолбасшылардың сөзіне қарағанда, альянс ауқымды әскери шиеленіске дайындалып жатыр. 

Ислам мемлекеті* (ИГИЛ) – Қазақстанда және тағы бірқатар мемлекетте лаңкестік деп танылған ұйым

Загрузка...

Басты тақырып