22:58 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
12010

Ресей қорғаныс министрлігі мен Керч қаласындағы "Залив" кеме жасау зауыты әмбебап десанттық кеме (ӘДК) құрылысына қатысты алғашқы екі келісімшартқа қол қойды

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, мәміле сомасы шамамен 100 миллиард рубльді құрайды. Ал жоба Зеленодольск жобалық-конструкторлық бюросында жасалған.

Осы кезге дейін мұндай кемелер Ресейде болмаған. Француздық "Мистральдің" ресейлік баламалары әскери-теңіз күштеріне мұхиттың шалғай аудандарында болуын қамтамасыз ете алады. ӘДК алғашқы кемесі 2026 жылға дейін флоттың жауынгерлік құрылымына қосылуы керек және әрі қарай осындай кемелерді әзірлеу жалғасуы мүмкін. Жобаның тағдыры тұтастай алғанда 2027 жылға дейінгі қаруланудың мемлекеттік бағдарламасында алдын-ала нақтыланған.

Ресейдің Сириядағы әскери операциясы 15-25 мың тоннаға дейінгі үлкен десантты кемелердің маңыздылығын растады. 2020 жылдың 9 қаңтарында Ресей президенті Владимир Путин Севастопольдегі Нахимов атындағы Қара теңіз жоғары әскери-теңіз мектебіне барып, әскери-теңіз күштерінің дамуына арналған экспозициясымен және ӘДК-нің кейбір сипаттамасымен танысты. Осылайші, кеме жасау ісіне мемлекеттік деңгейде назар аударылып жатыр.

Бұған дейін РИА "Новостидің" қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі дереккөзі 2020 жылы Керчьке 16 тікұшақ көтере алатын екі әмбебап кеме қойылатынын мәлімдеді. Басқа ақпарат көздеріне сүйенсек, Ресейдің қорғаныс министрлігі ӘДК бортына 20-дан астам ауыр тікұшақтарды орналастыруды жоспарлап отыр. 

Соғыс кемесі

ӘДК міндеті – жабдықталмаған жағалау әскеріне десанттық операция кезінде тікұшақтардың қатысуымен (теңіз әуе тобымен) әскер мен техниканы теңіз арқылы (мыңдаған миль) жауынгерлік қолдау көрсету. Кеме миналық және желілік тосқауылдарды, жаудың сүңгуір қайықтарын бақылауға арналған гидроакустикалық жүйелер орнатуға қабілетті. Сонымен қатар, десантты (теңіз жағалауынан алыс орналасқан кемеден жүзуге қабілетті бронетранспортерлер мен десанттық қайықтарды док камерасы арқылы) жан-жағынан түсірудің технологиялық тұрғыдан мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек, ӘДК бортына әскерлер мен күштердің жедел топтарының штабын, 1000-ға жуық десантшыларды, шабуылдаушы және тасымалдаушы тікұшақтарды, шабуылдаушы десанттық қайықтарды, 76 миллиметрлік әмбебап артиллерияны, өзін-өзі қорғаудағы зениттік құралдарды ("Панцирь-МЕ" үлгісіндегі), сондай-ақ теңіздегі бронетранспортерлерді (кемінде 50 жаяу әскер машинасы мен 10 танк), маңызды арсеналдарды (бүкіл топтың бірнеше күндік ұрыс қимылдары үшін) орналастыру қажет.

Кемеде тактикалық және жедел-тактикалық қондырғылардың біріктірілген жауынгерлік басқару жүйесі болуы тиіс. ӘДК мәселелерін сәтті шешу үшін қазіргі заманғы радиолокациялық станциялар, навигациялық кешен, электронды соғыс жүйесі және су астындағы диверсиялық күштерді анықтауға арналған құралдар қажет. Осы аталған функциялар мен су ығыстыру мөлшері қуатты қозғалтқыш қондырғысын қажет етеді.

Қырым кемелерінің нақты сипаттамалары әзірге белгісіз, бірақ бәсекеге қабілетті жобалардың бірі – Крылов мемлекеттік ғылыми орталығының "Прибой" ӘДК, оның корпусының ұзындығы 200 метр, ені 34 метр және су ығыстыруы шамамен 23 мың тоннаны құрайды. Ал америкалық ұқсас кемелердің толық су ығыстыруы - 45 мың тонна.

Өндірістік база

Керч қаласындағы "Залив" зауыты әскери кеме жасау саласында едәуір тәжірибе жинады және "қырымдық "Мистральдің" жобасын жүзеге асыру үшін барлық технологиялық мүмкіндіктерге ие. Кеменің ұзындығы 360, ені 60 метр – бұл ӘДК үшін жеткілікті. "Залив" зауыты су ығыстыруы 150 мың тоннаға дейінгі кемелер жасай алады. Бұл қажетті құрал-жабдықтар мен жоғары санатты мамандарға иелік ететін Еуропадағы ең ірі кеме жасау кәсіпорындардың бірі. Бұған дейін Қырым билігі Керч қаласындағы "Залив" зауытында әмбебап десанттық кеме жасау жобасын қабылдауға дайын екенін растады.

Ресейдің әскери-теңіз күштерінің құрамында десанттық кемелер онша көп емес және олар заман талабына толық жауап бермейді. Мысалы, 775 және 1171 десанттық кемелер жобасы 1974-1991 жылдары Польшаның Гданьск қаласының кеме зауыттарында жасалған. 

2027 жылға дейін Ресей қару-жарақ бағдарламасына мемлекеттен 19 триллион рубль бөлу жоспарланып отыр.

Загрузка...

Басты тақырып