20:18 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
71110

Бүгінде әлем бойынша бірқатар мемлекетте Ми-35 әмбебап әскери-көліктік тікұшағын қолданады. Ал ТМД аумағында оны Ресейден бөлек Қазақстан, Әзербайжан мен Өзбекстан пайдаланып келеді

Ресеймен арадағы әскери-техникалық ынтымақтастық байланыстары аясында Қазақстанның әуе қорғанысы күштерінің базасына төрт жаңа Ми-35М тікұшағы жеткізілді. Бұған дейін осы санаттағы 8 тікұшақ сатып алынған болатын. Қазақстан әскери қару-жарақты сатып алу саласында жеткізуші компанияларды әртараптандыру саясатын ұстанса да, осы бағытта Ресеймен стратегиялық әріптестік байланыстарын ұстап отыр.

Ал 2015 жылы рәсімделген келісімшарттың негізінде әскери техника Ресейдің ішкі бағаларымен жеткізіледі. Соның ішінде Ми-35М тікұшағы да бар.

Ми-35М  – бұл атышулы Ми-24 тікұшағының барынша жаңартылған нұсқасы, көпмақсатты әскери техника. Қарсыластың брондалған техникасын жойып, құрлықтағы әскерлерді оқпен қолдауға арналған. Десантты діттеген жеріне жеткізеді. Ішіне толығымен қаруланған 8 сарбаз сыяды. Бұдан бөлек, тікұшақпен жарақат алғандарды эвакуациялауға болады. Жүктерді тасымалдауға мүмкіндік бар. Ол үшін тікұшақтың аспасы да қолданылады.

Көпмақсатты тікұшақтың максималды жылдамдығы сағатына 300 шақырымға дейін жетеді. Жанар-жағармайды бір құйса, 550 шақырымға ұшады. 5 400 метрлік биіктікке көтеріліп, 2 400 келі салмақты алып жүре алады.

Тікұшақтың тұмсығында 23 миллиметрлік қосауық артиллериялық қондырғы орнатылған. Ішінде 450 снаряд бар. Бұдан бөлек, танкілерге қарсы 8 зымыранды, басқарылмайтын 122 миллиметрлік зымырандардың екі блогын немесе 80 миллиметрлік калибрдің төрт блогын алып жүре алады.

Әскери қызметкерлер, архивтегі фото
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана
Ал Ми-35М-тің көздеу жүйесі гидротұрақтандыру негізінде жұмыс істейтін оптикалық-электронды станциямен жабдықталған. Бұдан бөлек, лазерлік алысқа өлшеуіш пен пеленгатор бар. Оператор айналаны 240 градусқа көре алады.

Бұрынғы Ми-24-пен салыстырғанда жаңа тікұшақта заманауи борттық радиоэлектронды құрал-жабдықтар бар. Цифрлық навигация мен индикация қарастырылған. Қозғалтқыштары да әлдеқайда мықты. Радиолокациялық станциялардың әсерінен қорғайтын детекорлар орнатылған.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық армияны тиімді әрі заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұдан бөлек, әскери білімнің сапасын көтеру мен халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту міндеті қойылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша үш жылдық бюджеттің көлемі 961 миллиард теңгені (2,55 миллиард доллар) құрайды. 2020 жылға 331,9 миллиард теңге қарастырылған.

Загрузка...

Басты тақырып