16:01 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
13911

Шамамен 150 мың әскери қызметшіні, 26 мың қару-жарақ пен техниканы, 400 ұшу аппаратын және 100-ден аса кеме тартумен РФ Қарулы күштерінің бірнеше жедел-стратегиялық бірлестігінің соғысқа дайындығын табан астында тексеру - өз мүддесін қорғауға деген ниетінің ашық сигналы

Оңтүстік және Батыс әскери округтерінің, орталыққа бағыныстағы жекелеген одақтардың әскерлерін, Солтүстік және Тынық мұхиты флоттарының теңіз жаяу әскерін шұғыл тексеру 17-21 шілде аралығында жүргізілді. Жоспар бойынша 35 құрлықтағы және Каспий мен Қара теңіз акваторияларындағы 17 теңіз полигонында 149 755 әскери қызметші, 26 820 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, 414 ұшу аппараты, 106 кемені тартумен 56 тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Әскери бөлімдер мен бөлімшелер марштар орындаса, кеме топтары теңізге шығып, авиациялық құрамалар жедел аэродромдарға орын ауыстырды.

Бұл тексеру РФ оңтүстік-батысындағы әскери қауіпсіздікті және "Кавказ-2020" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындықты қамтамасыз етеді. Аталған оқу-жаттығу Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) алты мемлекеті әскерлерінің қатысуымен қыркүйекте өтеді. РФ Бас штабы мен Қорғаныс министрлігінің инспекторлары Оңтүстік және Батыс әскери округтерінің бөлімдерін, орталық бағыныстағы жекелеген одақтарды, әуе-десанттық әскерлерін, Солтүстік және Тынық мұхиты флоттарының теңіз жаяу әскерін тексеруден өткізеді.

Тағы оқыңыз: Азов пен Каспийде жаңа ұшақ-амфибия пайда болады

Мұнша ауқымды әскери топтардың табан астында маневрын жүзеге асыру батыстағы генералдардың түсіне де кірмейді. Оның дәлелі ретінде көктемде Польша, Литва, Латвия және Эстонияда АҚШ пен НАТО елдерінің 30 мыңға жуық әскерінің басын қосу бастамасының сәтсіздігін айтуға болады.

Porter тағдыры

Аяқ асты тексеріс НАТО әскери-теңіз күштерінің Қара теңіздегі алдағы оқу-жаттығуына да, Армения мен Әзербайжан шекарасындағы шиеленістің өршуіне де еш қатысы жоқ. Дабыл соғылып, әскер мен жедел-стратегиялық бірлестіктер шұғыл аяғынан тік тұрса, бөлім құрамалары, кемелер мен ұшақтар жедел түрде жүз және мыңдаған қашықтыққа жеткізіліп, бейтаныс полигонда, теңіз бен құрлықта алға қойылған міндеттерді жүзеге асырып жатыр. Әскердің соғысқа дайындығын, маневрдың технологиялық мүмкіндіктерін, қандай да бір өңірде күштерді қолдану деңгейін осылай ғана шынайы тексеруге болады. Сөз жоқ, соғыс әрекетінің сәтті болуының 80%-і дамыған инфрақұрылым мен мінсіз логистикаға байланысты.

Екінші жағынан, Ресей әскері мен күштерінің барлық оқу-жаттығуы Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған әскери артықшылығының байсалды сипатта паш етуі. Осы жылы Одессаға сапары жиілеген Porter америкалық зымыранды эсминеці мен Қара теңіздегі осы тектес қонақтар РФ Қарулы күштерінің қоршауында қалды десек те болады. Егер, шынайы қақтығыс орын алса, күлі көкке ұшатыны анық.

Шабуыл қарқыны

Қара теңіз флотының аяқ асты тексерісіне 3000-нан астам әскери қызметші және 300 дана техника, соның ішінде, соғыс кемелері, ұшу аппараттары, сондай-ақ, қаратеңіздік флоттың жеке құрамы мен әскер корпусы бірлестіктерінің техникасы қатсытырылған. Оқу-жаттығу "оқиғасы" бойынша, "жау кемесі" Қара теңіз флотының үлкен десанттық кемелерінің көзін жоймақ болған кезде ресейлік кемелер жасағы теңізде артиллериялық оқ атулар орындаған.

Каспий флотилиясының маневрлеріне 35 кеме қатысып отыр. Біруақытта Дағыстан тауларында десант түсірумен айналысып жатқан теңіз жаяу әскерінің кемелері мен бөлімшелері күшейтілді және Аданак полгионындағы оқу-жаттығу кезінде қаруланған заңсыз ұйымдардың "көзін жойды". Аталған полигонда 700-ден астам әскери қызметші және шамамен 30 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, БТР-82АМ бронды көліктері, "Град" ЖОРЖ жаппай оқ атудың реактивті жүйелері, Д-30 122-мм гаубица, 120-мм "Сани" минометтері тапсырманы орындады.

Оңтүстік әскери округінің мотоатқыш, танктік және артиллериялық әскері 70-тен астам оқу-жаттығу аясында 20 полигонда "соғыс" жүргізіп жатыр. Жедел аэродромдар 150 ұшақ пен тікұшақтың базасын қамтамасыз етіп отыр.

Ингушетияда құрылған 58-ші үлкен қуаттылықтағы артиллерия бөлімшелері мотоатқыштар мен 50 соққы жасаушы тікұшақтың қалқалауымен "қарсыласқа" жойқын шабуылдар жасады. Біруақытта "Ураган" және "Смерч" жаппай оқ ату реактивті жүйесі, өздігінен жүретін "Малка" 203-мм артқондырғылар мен 240-мм "Тюлпан" минометтері "жұмыс жасады". Айта кету керек, "Тюльпан" 20 км қашықтыққа қуаттылығы екі килотонна термоядролық миналар лақтыра алады. Сол сияқты, мотоатқыштар, танкішілер түрлі аймақтағы полигондарда өздерінің алдына қойылған соғыс әрекеттерін сәтті жүзеге асырды. Бұл Ресей мен оның одақтастарының аспаны, теңізі және жерінің террористер үшін алынбас қамал екенін айқындады.

Кілт сөздер:
әскерилер, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып