Ресей Командор аралына десант қондырды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБоевой парад в День защитника Отечества
Боевой парад в День защитника Отечества - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Еуропадағы одақтастарының сыртынан Пентагонның жала жабу әрекеттерінің тоқтамауы Ресейді Құрама Штаттарының ғаламшардағы солқылдақтығы жайлы америкалықтардың есіне салуға мәжбүрлеп отыр

12 тамызда тарихта алғаш рет Ресей Тынық мұхит флотының теңіз жаяу әскері АҚШ аумағынан 350 км қашықтықта орналасқан Командор аралына парашюттік десант қондырды.

Лаборатория, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ Қазақстан биологиялық қару әзірлейді деген ақпаратқа түсініктеме берді
Бір күн бұрын Ту-160 стратегиялық зымыран тасымалдаушы экипаж Саратов облысынан Анадырдағы аэродромға орын ауыстырды. Ол АҚШ территориясынан 530 км қашықтықта орналасқан.

Теңіз жаяу әскерінің бөлімшесі жоспарлы тактикалық оқу-жаттығулар кезінде Командор аралындағы бейтаныс қону алаңына парашюттік әдіспен қонды. Күштердің орын ауыстырудағы мақсаты – әскери нысан аралдарының бірінде дислокацияланған қорғанысты нығайту және шартты қарсыластың барлау-диверсиялық топтарының шабуылын болдырмау.

"Арбалет" парашюттық жүйелерін қолдану арқылы қону жауынгерлік жоспарға толық сай күйде өтті. Яғни, штаттық қару пайдаланылып, қатаң уақыттық шектеуде қорғаныс қолдану ұйымдастырылды. Оқу-жаттығуларға елуден астам әскери, теңіз авиациясы ұшақтары мен кемелер қатысты.

Сонымен қатар, ресейлік Ту-160 стратегиялық зымыран тасымалдаушыларының Саратов облысынан Анадырға орын ауыстыруы да америкалықтарға қатысты ескерту дабылы іспеттес. Авиатехниканы тиісті аэродромдарға жеткізгеннен кейін экипаждар генерал-лейтенант Сергей Кобылаштың жетекшілік етуімен соғыс жағдайындағы іс-әрекеттерді пысықтады.

Тынық мұхиты флотындағы теңіз жаяу әскерінің парашютты десанты Командор аралында жоғары әскери дайындықтары мен ресейлік әскердің тұрақты орналасу орнынан мыңдаған километр қашықтықта да тиімді әрекет ете алатынын және ғаламшардың кез келген нүктесінде көздеген нысанды бақылауына бағындыра алатынын дәлелдеді.

Ресейлік әскери қызметшілер 2020 жылдың 26 сәуірінде әлемде алғашқы болып Заполярьеге 10 мың метр биіктіктен қонып, Франц-Иосиф жері архипелагында сәтті әрекет етті.

 АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады
Арнайы мақсаттағы "Арбалет-2" жаңа парашюттық жүйесі әскери қызметшілерге күрделі жағдайда да 50 килограмдық контейнер және қару-жарақпен 400-4000 метрден қауіпсіз қонуға мүмкіндік береді. "Штурм" парашюті 80 метр биіктіктен секіруге мүмкіндік береді және ресейлік бронь техникасы ғана 1500 метр биіктіктен экипажбен бірге көпкүмбезді жүйелермен бірге қондырылады.

Шынайы жауынгерлік операция кезінде десант үшін жол тазалап, зениттік құралдар мен зымырандық кешендерді бәсеңдету бойынша әрекеттерді стратегиялық Ту-160 пен Ту-95МС және дыбыстан жылдам бомбалаушы әрі зымыран тасымалдаушы Ту-22МЗ жүзеге асырды. Бұл тұста Ресей ешкімге соғыс қаупін төндіріп тұрмағанын, бірақ, өз мүмкіндіктерін ешкімнен жасырмайтынын айта кету керек.

11 тамызда Тынық мұхит жағалауында орын тепкен ресейлік қашықтықтағы авиация тобы Ресейдің әуе кеңістігінен шықпай-ақ 5500 км дейінгі қашықтықта қарсылас нысандары бойынша соққы жасай алады. Мысал ретінде айтсақ, Анадыр аэродромынан дәлдігі жоғары әрі көзге түсуі төмен зымырандар америкалық Монтана және Солтүстік Дакота штаттарына дейін ұшып жетеді. Мұнда Minuteman III континентаралық баллистикалық зымыраны орналасқанын ұмытпау керек.

Халықаралық әуе кеңістігінен Тынық мұхиты үстінде жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр.

Стратегиялық Ту-160М техникасын, мысалы, қарапайым немесе ядролық жауынгерлік бөлігі бар Х-101 қанатты зымырандары қолдана алады. Қанатты зымырандар Сириядағы соғыс жағдайында сынақтан сәтті өткен. Олар қашықтықтағы географиялық аудандарда жердегі немесе теңіздегі нысандарды жоюға арналған.

Ту-160М револьверлі іске қосу қондырғылары 12 қанатты зымыранды тасымалдауға мүмкіндік береді. Х-101 конвенциялық модификациясы тротилдік эквивалентте 400 килограмға дейінгі қуаты бар жауынгерлік бөлігімен жасақталған. Арнайы Х-102 термоядролық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін.

Президент США Дональд Трамп подтвердил, что лидер террористической группировки Исламское государство Абу Бакр аль-Багдади убит в Сирии в ходе спецоперации - Sputnik Қазақстан
Трамп АҚШ әскерін Германиядан шығарады
Ту-22М3 көпрежимді бомбалаушы зымыран тасымалдағыштың қанаты жебе тәрізділігін өзгерте алады. Ол стратегиялық пен жедел-тактикалық авиацияның ортасында тұрған техника саналады. Жердегі және теңіздегі нысандарды заманауи әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс және радио-электронды қауіпсіздік құралдарының қарсы әрекеті жағдайында да тиімді жоя алады. Оның әлемде баламасы жоқ.

Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы зымыран тасымалдағышты таныстыру қажеттілігі шамалы. Ол да қанатты зымырандармен қарсыластың маңызды нысандарын тиімді жоюға арналған.

Пентагон мен НАТО Ресейді Шығыс Еуропада ақылға қонымсыз "ұстап тұрудың" әлегімен әлі де әуре болып жүр. Яғни, бұл америкалық әскерилерді Германиядан Польша мен Румынияға орын ауыстырумен, сериялық маневрлермен, РФ шекарасына жақын маңдағы Балтық және Қара теңіздерінде жауынгерлік және барлау авиацияларының провокациялық ұшуларымен сипатталып отыр.

Өз қауіпсіздігін ескерместен, оның одақтастары мен серіктестері бұғаттау, әуедегі шабуылға қарсы жүйелерді жару, қарсылас позициялары бойынша зымырандық соққыларды имитациялау әдістерімен "дағдарысты өңірлерде реттеу жүргізуді" орындаудан шаршайтын емес.

Пентагон қуаты шағын ядролық қарудың "әділ" әлеуетін арттыруға тырысып жатыр. Егер, Ресейді америкалық мүддеге бағындыру мүмкін болмаса, онда оған шабуыл жасау қажет болады. Бұл әрекет сонау 2015 жылдан бері баршаға мәлім.

Жаңалықтар
0