Кремль Трампты құтқармақ па?

© AP Photo / Andrew HarnikПрезидент США Дональд Трамп идет под зонтом во время дождя
Президент США Дональд Трамп идет под зонтом во время дождя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ-тағы толқуларға Дональд Трамп және ... Ресей жауапты. Ия, көп ұзамай осылай болады. АҚШ президентінің қайта сайлануын болдырмас үшін оған қарсы күрестің барлық тәсілдерінен кейін "вашингтондық батпақ" қайтадан о бастағы ұстанымына оралды: бәріне орыстар кінәлі

Олар 2016 жылы Дональд Трампқа көмектесті және қазір де көмектесіп жатыр, енді олар әлеуметтік желілерде емес, Америка қалаларының көшелерінде қорқыныш пен өшпенділікті қоздыруға көшті, деп жазады РИА Новости. 

Бұл қалайша болғаны? Күні кеше ғана америкалық БАҚ бүкіл әлемді Құрама Штаттарындағы қарсылықтар бейбіт сипатта өтіп жатқанына және нәсілшідлік пен полиция қызметкерлеріне қарсы екеніне сендіруге тырысты емес пе?

Сонда дұрыс жүйедегі наразылықтарды "дұрыс емес" орыстар ұйымдастырып отыр ма?

Президент США Дональд Трамп подтвердил, что лидер террористической группировки Исламское государство Абу Бакр аль-Багдади убит в Сирии в ходе спецоперации - Sputnik Қазақстан
Трамп АҚШ әскерін Германиядан шығарады
Бұл жөнінде Джо Байден әзірше еш мәлімдеме жасамағанымен, конгрестегі беделді демократтар пікір білдіруге көшкен. Мысалы, барлау жөніндегі комитет басшысы Адам Шифф күні кеше CNN-ге берген сұхбатында былай деді:

"-Төрт жыл бұрын орыстар Black Lives Matter-ді пайдаланды, олар желіге өздерінің арандатушылық әрекеттерін жариялап, халықты нәсілдік белгілері бойынша бөлуді мақсат тұтты. Біз де...

- Олар мұны қазір де жасап жатыр ма?

- Олар тағы да қолдан келгеннің бәрін жасауда, әлеуметтік желіде, өз БАҚ-тарында және басқа жерде ".

Яғни, орыстар өз БАҚ-тарында ғана емес, америкалық әлеуметтік желілерде және қала көшелерінде Американың жігін ажыратып жатыр ма? Осы тектес далбасаға қатысты Fox News тележүргізушісі Такер Карлсон пікір білдірмей тұра алмады:

"Сіздерге жаулас державаның агенттері ұсынған жалған ақпарат таратылып келді. Ол, сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісін де бақылауға алған. Ия, дұрыс, ханымдар мен мырзалар, орыстар жасанды тәртіпсіздіктер жасап, Джо Байденді айыптады. Расымен де осыған сенесіздер ме? Твиттердегі бірқатар демократтар осыған сеніп отырғанын байқадық. Ал, Адам Шиффтің мәлімдемесі жаға ұстатады. Бұл азаматтың ақылынан адасқаны және стационарлық емдеуді қажет ететіні көрініп тұр. Ал, Демократиялық партияның басқа жетекшілері ше? Олар да ессіз бе? Жоқ. Олар жай ғана өтірікшілер".

Демократтар көшбасшыларының алаяқтығы ешкімді таң қалдырмайды, бірақ, қазір олар ептіліктің ерекше қабілетін көрсетті. Олар жаңа ғана тәртіпсіздіктер фактісін жоққа шығарып, бейбіт сипатта өтіп жатқанын мәлімдеген еді, енді, зорлық-зомбылықты мойындауға мәжбүр болып отыр. Трамп болып жатқан оқиғаны ішкі терроризм деп атайды, ал демократтар бұған Ресей кінәлі екенін меңзеп отыр. Түсінікті емес пе: наразылық білдіру үшін жақсы адамдар көшеге шықты, бірақ, "орыс насихатының" құрбанына айналған жаман ниетті көтерілісшілер оларға араласып кетті. Міне, осының бәрі Трамптың жеңілісі үшін емес, оның жеңісі үшін жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бұл Путиннің айлакерлік жоспары-мыс.

Дональд Трамп АҚШ Ашық аспан келісімінен шығатынын жариялады - Sputnik Қазақстан
Видео
Дональд Трамп АҚШ Ашық аспан келісімінен шығатынын жариялады - видео
Есалаңдық па? Жоқ, шарасыздық. Шындығында, осы жылдың көктемінде-ақ Трамп жеңіске жетіп, қайта сайлануға келе жатқаны анық еді. Импичмент жариялау әрекеті де, оған өшпенділікті қоздыру да еш әсер ете алмады. Бірақ көп ұзамай коронавирус Америка Құрама Штаттарына жетті де, экономика құлдырай бастады, ал жазда "нәсілшілдік" толқулар басталып, демократтар енді Трампты жеңе аламыз деп шешті.

Алайда, экономикалық проблемалар да, тәртіпсіздіктер де президентті "құлата" алмады. Керісінше, тәртіпсіздіктер қаншалықты көп болса, Трамп соғұрлым көп ұпай жинай бастады. Ол Америкаға "заң мен тәртіптің" қажет екенін қайталаудан танбаса, америкалықтардың басым бөлігі оның осы пікірімен келісіп отыр. Демократтар өздері басқаратын аумақтарда тәртіпті қалпына келтіруі керек-ақ еді. Бірақ, олай болғанда Трамп "менің айтқаным дәл келді, тәртіпсіздіктерді о баста-ақ доғару керек еді" дейтіні анық. Сондықтан, қазір демократтардың жағдайы мүшкіл. Олар қақтығыстарды жақтаса да, даттаса да, хәлі одан әрі ушығып, позициясы дүдәмал күйде қалмақ.

Қазіргі әрекеттеріне қарағанда, қақтығыстарды ақырындап мойындау, бірақ, оның кінәсін Трамп пен Ресейге арту тактикасы қабылданған секілді. Бұл сол баяғы "орыс Трамп" деген қағиданың аясында болмақ.

"Біз ресейлік қарулы күштер Сириядағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасап, оларды жаралағаны туралы хабарламаны естідік. Трамптың тарапынан қандай да бір әрекет болды ма? Ресеймен қарым-қатынаста осыншалықты "ләппай, тақсырға" көшкен президент Америка тарихында болмаған. Бұл – нағыз қорлық", - дейді Джо Байден.

Байден штабының соңғы мәлімдемесі мынандай мазмұнда болды:

"Президент Трамп Владимир Путин осы жолы да кандидатурасын қолдап, оның біздің елді үлкен проблемаларға бастайтын саясатын еш кедергісіз жүзеге асыруға ықпал етеді деп үміттеніп отыр. Ол өзі қайта сайлануы үшін Владимир Путиннің қандай қадамдарға баратынын америкалықтардың білгенін қаламайды. Себебі, Дональд Трамптың сыртқы саясаты – Кремьлге тарту етілетін сыйлық".

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и президент России Владимир Путин на IV Форуме руководителей приграничных регионов России и Казахстана, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Мұндай мәлімдеме АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Джон Рэтклиффтің өкілдер палатасының барлау комитетінің мүшелері үшін алдағы президент сайлауы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ауызша брифингтер ұйымдастыруға тыйым салу туралы шешімінен кейін жасалды. Енді оларға тек жазбаша түрде ақпарат ұсынылады. Рэтклиффтің айтуынша, бұл құпия ақпараттың таралып кетуіне және оның бұрмалануына кедергі болады.  

"Осы тектес кезекті брифингтен кейін БАҚ алдына шыққан конгресс мүшелері журналистерге саяси мақсатта құпия ақпаратты жайып салды. Бұл Қытайға қарағанда Ресей ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіріп тұрғаны жайлы жалған картина қалыптастыру үшін қажет болды. Әрине, мен Ресейдің рөлін төмендеткім келмейді. Ол біздің ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіріп тұр. Алайда, Қытай тарапынан болып жатқан қауіп-қатер әлдеқайда ауқымды", - деді Рэтклифф.

Ұлттық барлау қызметінің директоры айтқанына сәйкес, арнайы қызмет өкілдерінің өзі конгресмендер Трамппен күресте барлау қызметінің ақпараттарын бұрмалайтынын мойындап отыр.

Қалай болғанда да, америкалықтар, соның ішінде, демократтар үшін қандай жағдайда да "орыстар кінәлі" деп жариялау әдетке айналған. Өздері тап болған тығырықтан шығу үшін олар үнемі осы ұстанымды берік ұстанып, сол сөзіне өзгелерді сендіруге әрекет етіп келеді.

Жаңалықтар
0