13:48 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
ТМД елдерінің аэронавигация провайдерлері Душанбеде бас қосты

ТМД елдерінің аэронавигация провайдерлері Душанбеде бас қосты

© Sputnik /
Компания жаңалықтары
Қысқа сілтеме алу
2910

23-26 сәуірде "Еуразия" Координациялық Кеңесі мен Координациялық сарапшылар тобының отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ТМД елдерінің аэронавигация провайдерлері бас қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2019 жылдың 23-26 сәуірінде ТМД елдерінің аэронавигациялық провайдерлерін біріктіретін "Еуразия" Координациялық Кеңесі мен Координациялық сарапшылар тобының 36-шы отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның аэронавигация кәсіпорындарынан елуге жуық делегат қатысқан. Одан бөлек, шараға аэронавигациялық өндіріс, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы және Мемлекетаралық авиациялық комитеттің өкілдері де қатысты. Кеңесте Ресей Федерациясының атынан бас директор Игорь Моисеенко бастаған "Госкорпорация по ОрВД" ФМУК делегациясы келді.

Іс-шара барысында "Еуразия" КК мүшелері өз кәсіпорындарының соңғы алты айда атқарған жұмысы туралы баяндама оқып, Координациялық сарапшылар тобы жұмысының нәтижесі жайында есеп тыңдады. Онда аэронавигация саласындағы өзара іс-қимылдың техникалық мәселелері қаралған.

Игорь Моисеенко ОрВД мемлекеттік корпорациясының қызметі туралы баяндамасында атап өткендей, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ресейдің әуе кеңістігінде әуе қозғалысының көлемі артқан. Сондай-ақ, әуе қозғалысын басқару орталықтарын ірілендіру бағдарламасы сәтті жүзеге асып, Түмен және Екатеринбург орталықтары пайдалануға беріліпті. Ол Красноярск қаласында XXIX Дүниежүзілік қысқы Универсиада кезіндегі әуе қозғалысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Кеңес делегаттары мен қонақтары іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қабылдаушы тарап "Тәжікаэронавигация" МУК-не алғыс білдірді. "Еуразия" КК және КСТ 37-ші отырысы биыл қыркүйекте Қазақстанда өтеді.

Кілт сөздер:
ТМД елдері, Тәжікстан
Загрузка...

Басты тақырып