Экономика

Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуМедсестра с лекарствами, архивное фото
Медсестра с лекарствами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
60 елден астам мемлекет Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізеді. Олардың арасында Ресейдің үлесі көп, ол нарықтағы көшбасшылық үшін Германия, Үндістан, Қытай, Франциямен бәсекелесіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандағы импорттың шамамен 12%-і ресейлік дәрі-дәрмекке тиесілі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған соң фармацевтикалық нарықта қандай өзгерістер болатынын және импорттаушылар не істейтінін Sputnik Қазақстан анықтады.

Қазақстандағы ресейлік дәрі-дәрмектер

2019 жылдың басында дәрі-дәрмек Қазақстан импортының негізгі бөлігін құрады. Жалпы алғанда оның үлесі 3,4%, одан кейін қара металдан жасалған құбырлар импорты - 3,3%, үшінші орында мұнай және мұнай өнімдері - 2,7%.

Ресей Федерациясы сауда өкілдігінің мәліметі бойынша бірінші жартыжылдықта Қазақстанға 56 миллион доллар немесе 22 миллиард теңгенің 6 мың тоннадай препараты пен медициналық бұйымы жеткізілген. Оның ішінде вакцина, қан препараты, медикаменттер бар.

Бұдан бөлек, 37,1 миллион доллар немесе 14 миллиард теңгенің медициналық қондырғылары әкелінді. Олар - электрокардиограф, ультрадыбыстық сканерлеу қондырғысы, магниттік-резонанстық томограф, рентгенографиялық аппаратура, стоматологиялық қондырғы, гемодиализ қондырғысы, жасанды бүйрек аппараты және диализатор, қан құю аппаратурасы, жасанды буындар және тағы басқа.

Ойын тәртібі өзгереді

2020 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл дегеніміз, азаматтар тиісті қорға төлем аудара бастайды, осының арқасында бірқатар медициналық қызмет, сондай-ақ дәрігер жазып берген дәрі-дәрмек пациенттер үшін тегін болады.

Денсаулық сақтау министрі: халық дәріні өз ақшасына алмайтын болады

Сонымен қатар, тұрғындар алатын дәрі-дәрмекті бақылау күшейтіледі. Бүгінде Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033-і дәрігер рецептісімен және тек 1 759-ы ғана рецептісіз сатылады.

Науқастар дәрігер сақтандыру бойынша жазып беретін, яғни, шартты түрде олар үшін "тегін" дәрі-дәрмекке басымдық беретін болады деп күтілуде. Сондықтан, тегін дәрі-дәрмек тізімі кеңейтіледі, деп хабарлады Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығының дәрі-дәрмекті тиімді пайдалану және медициналық технологияларды бағалау орталығындағылар.  

Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жаңа аурулар мен дәрі-дәрмекпен толығады. Маңызды жайт – балалар 100% тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Осындай жаңа ережелер жағдайында қазақстандық және шетелдік өндірушілер арасында нарық үшін күрес күшейе түседі. Бұл орайда дәрі-дәрмек бағасы өзекті мәселеге айналмақ. Бұл дегеніміз, бәсекелес өнім жеткізушілер экспорт мүмкіндігін кеңейтуі қажет деген сөз.

Ресей дәрі-дәрмек экспортын өсіреді

Жыл басында Ресей экспорттық орталығы республиканың 2024 жылға қарай фармацевтикалық экспортты төрт есеге көбейтуді көздеп отырғанын жариялады.

Орталықтың дәрі-дәрмек өндірушілерді сыртқы нарыққа шығаруға қолдау көрсетуге қажет қаржылық және қаржылық емес мүмкіндігі бар.

Экспорттың негізгі драйверлері:

  • Инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі, толық қуатпен жұмыс істемейтін өндірістердің өнімділігін арттыру мүмкіндігі;
  • Инвестициялық циклдің соңғы кезеңдерінде бірегей препараттардың болуы;
  • Қарқынды дамып жатқан нарықтарда (оның ішінде Қазақстан да бар) ресейлік өндірушілердің белсенділігінің артуы.

Орталық көмегі

Ресей экспорттық орталығы шетелде тендерге қатысу үшін кепілді кредиттік қолдау көрсетеді.

2017 жылдан бастап Ресейде Made in Russia ("Ресейде жасалған") ресейлік брендтер мен өнімдердің шетелдегі танымалдылығын арттыру бағдарламасы іске асырылып келеді.

Компания сертификаттаудан өткен соң ресейлік өндіруші болып танылып, ол елдің экспорттық бренді мен сапа белгісіне ие болады. Бағдарламаға фармацевтикалық компаниялар, медициналық техника мен тауарларды өндірушілер қатыса алады.

Материал коммерциялық негізде жарияланды.

Жаңалықтар
0