WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді

© Photo : WorldSkills RussiaWorldSkills Russia
WorldSkills Russia - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WorldSkills Russia әлемде алғашқы болып VIII Ұлттық чемпионаттың финалын күндізгі-қашықтан форматында өткізеді

WorldSkills Russia VIII Ұлттық чемпионатының финалы 2020 жылдың 6-21 қыркүйегі аралығында күндізгі-қашықтан форматында өтеді.

Коронавирус эпидемиясы әлем бойынша дәстүрлі жұмыс форматына өзгерістер енгізіп отыр. Есесіне жаңа мүмкіндіктер пайда болуда: цифрлық алаңдарға сұраныс артты. Күнделікті жиналыстар, спорттық жаттығулар, кездесулер, бизнес, мектептер, университеттер, музейлер онлайн форматқа көшіп жатыр.

WorldSkills Russia да оқу-жаттығулар, жарыстар мен біліктілікті бағалауды қашықтан өткізу үшін жаңа цифрлық құралдарды әзірлеуден шет қалған жоқ. Ұлттық чемпионаттың финалын кейінге қалдырмау үшін WorldSkills жүйесінде алғаш рет күндізгі-қашықтан форматы дайындалды. Бұл форматқа ең үздік технологиялар мен құралдар енгізілді, оларды кейін өзге елдер кадрларды дайындау мен ұлттық чемпионаттарды өткізу үшін өз жүйесіне енгізіп, пайдалана алады.

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills RussiaWorldSkills Russia VIII Ұлттық чемпионатының финалы күндізгі-қашықтан форматында өтіп жатыр
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
WorldSkills Russia VIII Ұлттық чемпионатының финалы күндізгі-қашықтан форматында өтіп жатыр

Ұлттық чемпионаттың финалы аясында жарыстар 130 біліктілік бойынша өтеді (юниорлар үшін - 71). Ұлттық біріншілікке 2800-ден астам адам қатысады, олардың арасында юниорлар мен шетелдік үміткерлер болады. Салыстыру үшін айта кетсек, 2018 жылы олардың саны 700, ал 2019 жылы 1500 болды. Сарапшылар қауымдастығы 700-ден астам адамнан тұрмақ.

WorldSkills Russia әзірлеген жаңа формат бүкіл ел бойынша мейлінше көп адамның чемпионатқа қатысуына мүмкіндік беріп отыр. Осылайша, 2020 жылғы WorldSkills Russia VIII Ұлттық чемпионатының финалы сегіз жыл ішіндегі Ресейдегі ең ауқымды жарыс болмақ. Кез келген адам оны әлемнің кез келген нүктесінен онлайн-трансляция көмегімен тамашалай алады.

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills RussiaWorldSkills Russia әзірлеген жаңа формат мейлінше көп адамның чемпионатқа қатысуына мүмкіндік беріп отыр
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
WorldSkills Russia әзірлеген жаңа формат мейлінше көп адамның чемпионатқа қатысуына мүмкіндік беріп отыр

Біліктілік 7 мамандық блогы бойынша бағаланады: құрылыс және құрылыс технологиялары; ақпараттық және коммуникациялық технологиялар; шығармашылық және дизайн; өндіріс және инженерлік технологиялар; қызмет көрсету саласы; көлік және логистика; Future Skills.

Финал колледждердің өңірлік алаңдары, сонымен қатар мамандандырылған және халықаралық біліктілік орталықтарында өтеді. Басты сарапшылар жарыс барысын бақылап, регламентке қатаң сәйкес келуін қадағалайды.

Қатысушылар қашықтан және онлайн-технологиялар көмегімен бағаланады. Бағалау жүйесі бірнеше блокқа бөлінеді. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын сарапшылар өңірде немесе қашықтан бағалайды. Қашықтан бағалай алмайтын жұмыстар Новокузнецктегі негізгі орталыққа немесе Мәскеу мен Қазанда ашылатын қосымша орталықтарға экспресс-поштамен жіберіледі.

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills RussiaЧемпионатқа қатысушылар қашықтан және онлайн-технологиялар көмегімен бағаланады
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
Чемпионатқа қатысушылар қашықтан және онлайн-технологиялар көмегімен бағаланады

Бұдан бөлек, жарысты қашықтан тамашалаушылар үшін Try-a-skill – "Өзіңді кәсіпте сынап көр" арнайы бағдарламасы "Болашаққа билет" платформасында ұйымдастырылады. Кез келген адам виртуалды экскурсияға қатысып, заманауи онлайн мүмкіндіктер арқылы біліктілігін бағалай алады.

Жұмыстың жаһандық тәсілдері мен цифрлық экономика өсімінің айқын көрінісі болып отырған бұл трансформация бірлескен іс-әрекеттің нәтижесі екенін атап өту керек. WorldSkills Russia жаңа әдістемелерді әзірлеуге назар аударғанына көп уақыт болды, сондықтан ұлттық чемпионатты жаңа, күндізгі-қашықтан форматында өткізу бастамасын РФ Білім министрлігі, Кузбасс үкіметі, Стратегиялық бастамалар агенттігі мен әлемнің 50 жетекші компаниясындағы серіктестер қолдады.

Әлемдегі ірі көмір бассейндерінің бірі Кузбасс VIII Ұлттық чемпионат финалының орталығына айналады. Бұл қалада ауыр өнеркәсіп, металлургия кәсіпорындары орналасқан. Бүгінде Кузбасс белсенді дамып келеді, зауыттарда жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін озық технологиялар мен жұмыс механизмдері енгізілуде. Өңірге жоғары деңгейдегі мамандар қажет. Сондықтан ұлттық чемпионаттың финалын өткізу - жастарға сұранысқа ие жұмыс мамандықтарын көрсету үшін жақсы мүмкіндік.

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills RussiaШетел азаматтары да WorldSkills Russia ұлттық чемпионатына қатысып, шеберлігін шыңдай алады
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
Шетел азаматтары да WorldSkills Russia ұлттық чемпионатына қатысып, шеберлігін шыңдай алады

Шетелдіктер де әдеттегідей WorldSkills Russia ұлттық чемпионатына қатысып, шеберлігін шыңдай алады, сондай-ақ бірнеше біліктілік бойынша жарыста бағын сынай алады. Чемпионат аясында еуразиялық кеңістіктегі елдердің қатысушылары үшін еуразиялық сынақ өтеді деп жоспарланған.

"WorldSkills Russia-ның кадрларды кешенді дайындау жүйесін құру, кәсіптік шеберлік чемпионаттарын ұйымдастыру, сонымен қатар оларды оқыту үшін цифрлық шешімдерді дамыту бойынша серіктес елдермен халықаралық ынтымақтастық орнатуда тәжірибесі зор, – дейді WorldSkills Russia бас директоры Роберт Уразов. – Қазіргі уақытта біз еуразиялық кеңістіктегі елдерде, оның ішінде ТМД мемлекеттерінде кадрларды дайындау жүйесіне осындай шешімдерді ендіруге көмектесіп жатырмыз. Осы жұмыс аясында біз ресейлік алаңдарға, WorldSkills Russia цифрлық инфрақұрылымы мен ресурстарына, сондай-ақ компаниялар мен білім беру ұйымдарының серіктес желілеріне қашықтан қосылу бойынша бірлескен жаттығулар өткізіп жатырмыз. Бұл технологияларды жетілдіруге, ТМД елдерімен бірыңғай жоғары білікті мамандар нарығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills Russia2017 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық құрамасы WorldSkills Russia ұлттық чемпионатының финалына қатысып келеді
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
2017 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық құрамасы WorldSkills Russia ұлттық чемпионатының финалына қатысып келеді

Чемпионатқа қазақстандықтардың қатысуы  - WorldSkills Russia-мен ынтымақтастықтың бір бөлігі, елдегі орта кәсіптік білім жүйесіне озық тәжірибелер мен құралдарды ендіруді әрі қарай дамыту көзделіп отыр.

Қазақстандық мамандармен ынтымақтастық аясында WorldSkills Russia кадрларды WorldSkills стандарттарына сәйкес дайындау бойынша жол картасын әзірлеуге, чемпионаттық қозғалысты дамытуға, дәстүрлі және цифрлық біліктілік блоктары, сонымен қатар Future Skills біліктілігі бойынша оқыту мен тәжірибе алмасу үшін бірлескен жаттығулар ұйымдастыруға көмектесіп жатыр.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының өкілдері жыл сайын WorldSkills Russia ұлттық чемпионатының финалына қатысып келеді. WorldSkills Russia әзірлеген күндізгі-қашықтан форматы жаһандық өзгерістерге қарамастан Қазақстанмен тиімді қарым-қатынасты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр.

VIII ұлттық чемпионатының финалында WorldSkills Russia жаңа цифрлық технологияларды тек өз алаңында ғана емес, серіктес елдердің алаңында да сынап көреді, осылайша оларды жетілдіріп, ұлттық оқыту жүйелеріне бейімдей алады.

Көптеген ел WorldSkills Russia "зертханаларында" әзірленген құралдарды алып, кейін оны кадрларды дайындау бойынша өз ұлттық жүйесіне ендіру үшін ресейлік кәсіптік шеберлік чемпионаттарына қатысуға қызығушылық танытады. Осылайша, WorldSkills Russia өз тәжірибесінің ауқымын жаһандық деңгейге шығарып отыр.

Биылғы жылы тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды зерттеу үшін WorldSkills Russia өкілдері шетелдік серіктестер үшін арнайы онлайн-бағдарлама өткізеді, ол жарыстарды ұйымдастыру үшін цифрлық және онлайн-шешімдерді ендіруге арналмақ. 40 елдің қатысушылары бағдарламаға тәуелсіз сарапшылар мен бақылаушылар ретінде қосылады.

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills RussiaҚазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша жүйелі жұмыс кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесін әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша жүйелі жұмыс кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесін әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді

Бағдарлама аясында өтетін іс-шаралар: цифрлық шешімдер мен онлайн-технологиялар көмегімен өтетін WorldSkills Russia ұлттық чемпионатының жаңа форматына арналған сессия; жарыстар қашықтан өтетін чемпионаттың алаңдары мен жарыстарды басқару орталықтарына онлайн-тур; WorldSkills стандарттарына сәйкес қашықтан тәуелсіз бағалау жүргізу бойынша тренинг; онлайн-тренингтер мен жарыстар өткізу үшін өнеркәсіп компаниялары мен серіктестермен ынтымақтастық пен қарым-қатынас орнату жөнінде business talk; 7 біліктілік блогы бойынша қашықтан және онлайн жарыстар өткізу моделін ендіру бойынша сессия.

Қазіргі жағдайда кадрларды дайындаудың кәсіптік жүйесі сын сағатта тұр. Нәтижесінде жүйенің жаңа бағытта даму кезеңінің басталуына ықпал етті. Қашықтан өткізу форматына тек чемпионаттар ғана емес, білім беру және жұмыс процесі де көшіріліп жатыр, осылайша жұмыспен қамтудың жаңа үлгісі мен еңбек нарығында жұмыс орындарының қалыптасуына сеп болуда.

© Photo : Организаторы чемпионата WorldSkills RussiaWorldSkills Russia басты міндеттерінің бірі WorldSkills стандарттарының ауқымын кеңейту болып отыр
WorldSkills Russia ұлттық чемпионаты жаңа форматта өтеді - Sputnik Қазақстан
WorldSkills Russia басты міндеттерінің бірі WorldSkills стандарттарының ауқымын кеңейту болып отыр

Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша жүйелі жұмыс кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесін әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, бұл ретте ТМД елдерінде бірыңғай еңбек нарығы мен жұмыс стандарттарының қалыптасуы ескеріледі. Кадрлардың мобильділігі мен жаһандық интеграциясы үшін әлемдік деңгейдегі дағдылар керек. Осы себепті WorldSkills Russia басты міндеттерінің бірі WorldSkills стандарттарының ауқымын кеңейту және ендіру болып отыр, бұл кез келген кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесі аясында әлемдік деңгейдегі оқытуды қамтамасыз етеді.

Жарыстар KNAUF, IEK, 1С, Элфорт компанияларының қолдауымен өтеді.

Жоба серіктесі

Толығырақ WorldSkills Russia сайтынан оқи аласыздар.

Жаңалықтар
0