Мәдениет

Мәдениет және спорт вице-министрі болып композитор Ақтоты Раимқұлова тағайындалды

© Photo : СЦК РККомпозитор Ақтоты Раимқұлова.
Композитор Ақтоты Раимқұлова. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Композитор Ақтоты Раимқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik. Композитор Ақтоты Раимқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбі күні ведомствоның баспасөз қызметі.

Мәдениет министрлігінің ақпаратына сәйкес, Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция және фортепиано мамандықтары бойынша түлегі. Көптеген музыкалық туындылардың авторы, олардың ішінде "Ел бақыты", "Apple of Peace", "Көкжал" кантатысы, "Толғау", "Дала сыры" және "Жәмиля", симфониялық поэмаларының, "Аспан көші» екі актілі балеті, "Алатау" пьесасы, "Соңғы сезім", "Тұзды шөл", "Абай", "Еңлік-Кебек", "Абылайхан", "Естайдың Қорланы", "Гамлет", «Қорқыттың көрі», "Сыған серенадасы" секілді спектакльдерге музыкалық туындылардың, фильмдер мен сериалдарға саундтректердің және т.б. авторы.

Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері және оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогигалық институтының оқытушысы болып қызмет етті. ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитетінің төрайымы болды.  2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0