Мәдениет

Қазақстандық фильм "Аманат" "Оскар" лонг-листіне енді

© Photo : кадр из трейлераСатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" фильмі
Сатыбалды Нарымбетовтың Аманат фильмі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сатыбалды Нармыбетовтың "Аманат" тарихи драмасы "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығының лонг-листіне енді.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Сатыбалды Нармыбетовтың Қазақстан "Оскар" сыйлығына ұсынған "Аманат" тарихи драмасы лонг-листке енді.

85 кинофильмнен тұратын тізім кино сыйлық ұйымдастырушыларының сайтына шығарылған.

Қазақстан тарихының 19 ғасырдан бастап 20 ғасырға дейінгі үш кезеңін қамтитын драма қазақтың ұлттық батыры – Кенесары Қасымов және оның ұлт азаттық көтерілісі туралы жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы саяси тұтқын Ермұхан Бекмахановтың тағдыры жайлы.

Қазақстан алғаш рет 1992 жылы "Оскар" сыйлығына фильм ұсынған болатын. 2006 жылдан бері отандық фильмдерді жыл сайын ұсынып келеді. Республика жылына шамамен 15 фильм түсіреді.   


Жаңалықтар
0