21:23 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Каир қаласында Абай ескерткіші ашылды

Каир қаласында Абай ескерткіші ашылды

© Foto : Министерство иностранных дел Республики Казахстан
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Каир орталығындағы "Еркіндік және достық" саябағына Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды

АСТАНА, 15 қаз – Sputnik. Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ескерткіш Каир орталығындағы ең көрікті жерлердің бірі "Еркіндік және достық" саябағына қойылды.

Аталған ескерткіш Қазақстанның Каирдегі Елшілігінің қолдауымен мысырлық меценат, Қазақстан мен Мысыр достығы ассоциациясының мүшесі доктор Хусейн Әл-Шафиидің қаражатына қойылғандығын, ал мүсіннің авторы қолтумалары Каирден басқа Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Ташкент қалаларында орнатылған белгілі мысырлық скульптор Усама Әл-Серуи болғандығын атап өту керек.

Іс-шараға Мысырдың сыртқы істер, халықаралық қатынастар және мәдениет министрліктерінің өкілдері, дипломатиялық корпустың мүшелері, мысырлық жетекші БАҚ журналистері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Мысырда оқитын және тұратын қазақстандық азаматтар қатысты.

Мысырдағы қазақстандық студенттер Абай лирикалық өлеңдерін орындады. Сонымен қатар, қонақтарға араб тіліне аударылған Абайдың "Қара сөздері" мен  өлеңдер жинағы сыйға тартылды.

1998 жылдан бері мысырлық көшелердің бірі Абай атымен аталады, ал Астананың орталық көшелерінің біріне мысырлық белгілі жазушы және әдебиеттанушысы Таха Хусейннің есімі берілген. Бүгінде қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абайдың ескерткіштері Мәскеу, Бейжің, Ташкент, Витебск, Тегеран, Ыстамбұл және Будапештте орнатылған.   


Басты тақырыптар