Мәдениет

Қазақстанда 30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры жайлы фильм түсіріледі

© Photo : Пресс-служба АО "Казахфильм"30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры туралы "Талан" фильмінің түсірілімі
30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры туралы Талан фильмінің түсірілімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Талан" көркем фильмі ҚР 25 жылдығына орай мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілуде.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  Қазақстанда өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы екі жетімнің тағдыры жайлы фильм түсірілуде деп хабарлады "Қазақфильм" баспасөз қызметі.

Толықметражды фильмнің режиссері Болат Қалымбетов бұрын "Тамшы" (1989), "Айналайын" (1990), "Последние холода" (1993) и "Сардар" (2004) фильмдерін түсірген. Сценарий авторлары –Ғазиз Насыров пен Болат Қалымбетов. Рөлдерді сомдайтындар: Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұрымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Оңдасын Бесікбасов, Асан Кірқабақов, Жасұлан Айтенов, Қаршыға Аликенов, Аян Өміржан.

Сценарий жазушы Жүсіпбек Қорғасбековтың "Қасқыр адам" повесі желісімен жазылған.

© Photo : "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры туралы "Талан" фильмінің түсірілімі
30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры туралы Талан фильмінің түсірілімі - Sputnik Қазақстан
30 жылдардағы екі жетімнің тағдыры туралы "Талан" фильмінің түсірілімі
Жаңалықтар
0