Мәдениет

Канадалық әнші Леонард Коэн өмірден өтті

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуЛеонард Коэн
Леонард Коэн - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншімен қоштасу Лос-Анджелесте өтеді, уақыты әзірге белгіленген жоқ.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Канадалық әнші Лоенард Коэн 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарланады орындаушының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

"Қайғыра отырып, аңызға айналған ақын, композитор және артист Леонард Коэнның бізді тастап кеткенін хабарлаймыз. Біз музыка әлеміндегі ең жақсы бағаланатын және продуктивті визионерлердің бірінен айырылып қалдық", — делінген хабарламада. 

Әншімен қоштасу Лос-Анджелесте өтеді, уақыты қосымша хабарланады. 

Коэн 1934 жылы Монреалды туылған. 1960-шы жылдардың ортасында ол АҚШ-қа көшіп, оның музыкант ретіндегі карьерасы осында басталды. Ол бүкіл әлемге таныман Hallelujah, Suzanne және So Long Marianne деген әндердің авторы болып табылады. Бұдан бөлек Коэн бірнеше өлеңдер мен прозалар жинағын шығарып, екі роман басып шығарған. Олар Ресейде де аударылған. 


Жаңалықтар
0