Мәдениет

Қазақстандық орындаушылар MC_Doncha хитын жетеріне жеткізіп шырқады

© Photo : Ернар СмагуловNovaliveband
Novaliveband - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әншілердің орындауындағы "Слезы тикли вверх" әнінің бейнежазбасы ғаламторда кеңінен танылып келеді.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik.  Қазақстандық рок-топ "Novaliveband" қырғыз вайнері Данияр Токтомамбетовтың көпшілікке танылған жауапсыз махаббат туралы "Слезы тикли вверх" әнінін жетеріне жеткізіп орындады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Музыкалық ұжым композицияны ұлттық аспап – домбыра және электронды гитарамен сүйемелдеді. Бейнежазбаны топтың дыбыстық продюсері Ернар Смағұлов өз парақшасында жариялаған болатын.

Смағұловтың айтуынша, әншілер алғаш рет сover-стилінде ән орындаған. Данияр Токтомамбетов бұл орындау туралы әзірше пікірін білдірген жоқ. 

Жаңалықтар
0