Мәдениет

Astana Piano Passion жас пианисттер байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуфортепиано
фортепиано - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Astana Piano Passion классикалық музыкалық фестивалі және жас пианисттер байқауы – Орталық Азия төңірегі бойынша классикалық музыканың ең ірі жаңалығы.

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Astana Piano Passion жас пианисттер байқауына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарланады елорданың ресми сайтында. 

Байқаудың 3 жылдық тарихында, ұйымдастыру комитетіне 45 алыс және жақын шетелден, 400-ге жуық өтініш келіп түскен. Аталған байқауға қазірдің өзінде әлемнің 16 елі мен 30 қаласынан өтінімдер келіп түсті.

2015 жылдың өзінде-ақ, бір аптада пианисттердің концерті мен балалардың тыңдалымын 20 мыңнан аса адам тамашалаған. Музыканттарға әдеттегідей астаның ең үздік залдары беріледі. 

 "Қатысушылар тізімінде әдетте Ресей, Қазақстан және Украина елдері тұрса, ал қазір, Франция, Корея, Австралия, Малайзия, Сербия, Боливия және басқа елдерден де қатысушылар үмітті. Олардың бәрі қазіргі уақытта байқауға қатысудың міндетті шарты болып табылатын, қазақстандық авторлардың шығармаларын үйренуде. Осылайша ұйымдастырушылар бастаушы музыканттарды қазақстан мәдениетімен таныстырады", — дейді ұйымдастырушылар.

Әр жыл сайын байқауға қатысамын деушілердің саны да артуда.

"Олар әлемнің ең үздік сахналарына шығып өнер көрсетеді, дегенмен оларды жетістікке

жеткізген жолдың осы бір керемет қалада басталғанын мәңгі естерінде сақтайтын болады", — деп атап өтті Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев.

"Қазылықтың анық та әділетті болуының арқасында Astana Piano Passion байқауы жас пианисттер мен олардың ұстаздарының, сондай-ақ түрлі елдерден келген музыкалық эксперттердің сенімін жаулап алды. Астанадағы сайысты жер шарынан мыңдаған көрермендер онлайнда көріп, кәсіби форумдарда талқылайды. Біз байқауға деген қызығушылықтың жылдан жылға артатынына сенімдіміз, демек, ең талантты да дарынды балалардың Астана қаласында жиналып, қазақстандық замандастарын музыкамен айналысуына шабыттайтыны сөзсіз.

Ең бастысы, дарынды қазақстандықтар байқауға тегін қатысу мүмкіндігіне ие. Біз Қазақстанның басқа қалаларында тұратын жас пианисттердің ата-аналарын, фестиваль-байқаудың өтетін мезгілінде, яғни 22-28 сәуір аралығында Астанаға келуді жоспарлауын сұраймыз. Балалар өз құрдастарын көріп, олардың жетістіктерімен шабыттанып, тәжірибе алмастыра алады", — деп түсіндірді Accordi di Astana Қоғамдық қорының жетекшісі Елена Коребейникова.

Astana Piano Passion жас пианисттер байқауына өтінім қабылдау 2017 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Музыкалық мекемелерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар өтінімді http://astana-app.kz/ru/ желісіне жібере алады. Байқаудың сыйлық қоры 60 000 АҚШ доллары, сондай-ақ байқаудың көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің арнайы сыйлықтары да бар.


Жаңалықтар
0