Мәдениет

Димаш Құдайбергенов пен Джеки Чан сыйлықтармен алмасты

© Photo : аккаунт Димаша Кудайбергенова в InstagramДимаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I am a Singer музыкалық байқауға қатысуда

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Танымал актер Джеки Чан мен қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергенов сыйлықтармен алмасты. 

"Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым!", — деп жазды Құдайбергенов өзінің  Instagram желісіндегі парақшасында. 

Әншінің сөзіне қарағанда, ол домбырамен Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" тартып берген. Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткен.

 

Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!.. ________________________________________________________ 今天是我一生中最难忘的日子!见到了我的偶像成龙先生!见面时,我为成龙先生献上了哈萨克传统礼服洽袢(大衣)和冬不拉!并为他演奏了Nurgisa Tlendiev《Alkisa》乐曲!成龙先生也送给了我定制的衣服和音响设备。我还跟他学习了一段新电影《功夫瑜伽》中的一段舞蹈动作。从小就喜爱崇敬的成龙先生不仅给了我很多建议,还告诉我会继续关注我的创作。最后,他还为哈萨克斯坦人民献上了诚挚的新年祝福!我的梦想成真了!期待下次见面! #DQ #TheSingerDimash #Dimash

Фото опубликовано Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Фев 6 2017 в 5:40 PST

 

"Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!", — деп түйді Құдайбергенов. 

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I am a Singer музыкалық байқауға қатысуда. Қазіргі уақытта байқаудың екі кезеңі өтіп, оның екеуінде үздік болған. Қазір Димаш қытай тілінде ән айтуға дайындалып жатыр. 


Жаңалықтар
0