Мәдениет

Қазақстандықтар қай күндері мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

© Sputnik / Солтан ЖексенбековКөрме
Көрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұражайлар айына бір рет, ал театрлар жылына төрт рет келушілерді тегін қабылдайтын болады

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Қазақстандық мұражайлар мен театрлардың қай күндері тегін жұмыс істейтіндігі туралы мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып берді.

Мәдениет
Көне экспонаттар мен жаңа технологиялар үйлесім тапқан Ұлттық музей

Министр сейсенбі күні үкімет отырысында сөйлеген сөзінде 2017 жылдың алғашқы жартысына арналған ведомство жоспары туралы баяндады.

"Бірінші – халықтың мәдениет нысандарына ақысыз кіруін енгізу. Мұражайларға әр айдың  үшінші жексенбісінде, ал театрларға жылына төрт рет: 27 наурыз (Дүниежүзілік театр күні), Балаларды қорғау күні, Білім күні, Тәуелсіздік күні тегін кіру мүмкіндігімен қамтамасыз ету ұсынылады", — деді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, орта мектеп оқушыларының оқу демалысы кезінде театрлар мен мұражайларға тегін баруын қамтамасыз ету де қарастырылады.

Жаңалықтар
0