Мәдениет

Димаш Құдайбергенов Uptown Funk әнімен қытай көрермендерін дүр сілкіндірді

© Photo : аккаунт Димаша Кудайбергенова в InstagramДимаш Кудайбергенов
Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайбергенов тағы бір мәрте қытай халқын тәнті етті

АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Ғаламторда Димаш Құдайбергеновтың қытайлық ТВ конкурстың кезекті турындағы қойылымының бейнежазбасы пайда болды.

I am a Singer конкурсының бесінші кезеңінде Димаш Uptown Funk әнін орындады. Әншінің орындауында бұл ән көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендер де қосыла шырқады.

Бұдан бұрын Құдайбергенов Instagram парақшасында осы әннің табиғатына мүлдем жат екенін айтып, дегенмен "тапсырманы жүз пайыз орындауға" тырысамын деген. 

Жаңалықтар
0