03:56 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Канн кинофестивалі

Қазақстандық қысқаметражды фильм Каннда көрсетіледі

© Sputnik / Екатерина Чеснокова
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
4 0 0

2017 жылы Канн фестивалінде "қысқа метр" секциясына екі мыңнан астам фильм қатысады

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. "Болашақ" бағдарламасы стипендиаты Диас Әзімжановтың "УльтиО" (ULTIO) атты қысқаметражды фильмі 70-ші Канн фестивалі Short Corner секциясында Қазақстанның намысын қорғайтын болады деп хабарлады "Болашақ" қауымдастығының баспасөз қызметі.

"УльтиО" – ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала арасындағы күрделі қарым-қатынас туралы психологиялық жанұялық драма әрі мистика элементтері де кездеседі.

"Фильмнің Cannes Festival Short Film Corner фестиваліне қатысуы оның шығарушысына өз жұмысын әлемдік киноиндустрия өкілдері мен болашақ инвесторлар алдында ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Cinefondation" секциясына да қатысуға өтініш білдірдік, онда академиялық кинематографиялық білімі бар сценаристтер мен режиссерлер ғана қатыса алады. Бұл секцияға іріктеу нәтижесі сәуір айының ортасында белгілі болады", — дейді фильмнің сценаристі әрі режиссері Диас Әзімжанов. 

 Short Corner секциясында 100-ден астам елдердің атынан екі мыңнан астам қысқаметражды фильмдер көрсетіледі.

Басты тақырыптар