Мәдениет

20 наурызда Астанада IV Халықаралық жас пианисттер байқауы өтеді

Жазылу
Astana Piano Passion Төртінші Халықаралық жас пианисттер байқауына әлемнің 28 елінен 139 бала қатысты

АСТАНА, 7 нау – Sputnik. Astana Piano Passion 2017 жас пианисттер байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарланады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Қазылар алқасы екі апта көлемінде 2000 минут бойы қатысушылардың бейнежазбаларын қарап, 2017 жылдың үздің 30 орындаушысын таңдап алады. 

"30 финалисттің аты 20 наурызға дейін жарияланып, олар 2017 жылдың сәуір айында Астана қаласына келіп, өз шеберліктерін көрсетеді және байқау ұйымдастырушыларының ақшалай немесе арнайы сыйлықтардын ұтып алуға күш сынасады. Байқаудың ұйымдастыру комитеті алған жазбалар, биыл жоғары дәрежелі орындаушылығымен, түрлі бояуларымен және техникасымен ерекшеленді. Бұл байқау географиясының едәуір кеңейгенінің айғағы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі музыканттар Astana Piano Passion байқауының әділ төрелігіне сеніп, Қазақстанға өз шәкірттерін жіберуде", — дейі ұйымдастырушылар. 

Astana Piano Passion Төртінші Халықаралық классикалық музыка және жас пианисттер байқауы Астанада 22 және 28 сәуір аралығында өтеді. Фестиваль аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар, әлемге танымал пианистер мен АҚШ, Ұлыбритания, Польша мен Ресейдің ең үздік ЖОО ұстаздарынан тегін шеберлік сабақтар ала алады. Сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары алдыңғы байқау лауреаттарының өнерін тамашалай алады. Дәстүр бойынша, фестивальдің Ашылу салтанаты мен Гала концертінде өзінің асқан шеберлігімен Маэстро Денис Мацуев халықты қуантатын болады.

Балалар Астана Опера, Астана Балет және ҚАЗҰӨУ (Шабыт) залдарында өнер көрсетеді. Фестивальдің нақты бағдарламасы жақын арада байқаудың ресми сайтында және байқаудың әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланады.

Байқаудың жүлде қоры 60.000 долларды құрап, кіші топ, орта топ және үлкен топқа бөлінеді. Сондай-ақ, Астана қаласы әкімінен арнайы сыйлықтар ұсынылады.


Жаңалықтар
0