Мәдениет

Димаш Қытайдағы байқауда финалға шықты

Жазылу
Димаш "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 10-кезеңде үшінші орын алып, ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы қытайлық жанкүйерлер жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш бұл кезеңде өз репертуарындағы "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындаған. Айта кетейік, "Ұмытылмас күн" әнінің авторы Димаштың өзі болып табылады.

Димаш жобаның келесі турына қатыспайды, бірден финалда өнер көрсетеді. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Әншінің продюсері: Еңкілдеп жылаған Димаш "мақсатым осы еді ғой" деп ағынан жарылды

Димаштың осы күнге дейін жинаған ұпайы оған осындай мүмкіндік беріп отыр. Айтпақшы Димаш бұл жолы үшінші болып өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 10 туры артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орынды ұтып, жеңіс кубогын иеленді.

Ертең Singer-дің 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның "All by myself" әнін орындайды. Есте болса, бұл кезеңде Димаштың екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады.


Жаңалықтар
0