Мәдениет

Ценз16+: "Сұлу және құбыжық" фильмі Қазақстанда прокатқа шықпай қалды

© Photo : Официальный трейлер фильма "Красавица и Чудовище""Сұлу және құбыжық" фильмі
Сұлу және құбыжық фильмі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде фильм гомесексуализмді насихаттайды деп жастық цензді 6+ тен 16+ дейін көтерді

АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Дисней фильмі "Сұлу және құбыжық" Қазақстанда прокатқа шықпады, деп хабарлады Kinopark Multiplex Cinemas кинотеатрлар желісі. 

Фильм қазақстандық прокатқа 16 наурызда шығуға тиіс болатын. 

"Өкінішке орай, біздің серіктестеріміз "Меломан" компаниясының  "Сұлу және құбыжық" фильмін ҚР территориясында прокатқа алуда қиындықтар туындады. Disney студиясының тамаша туындысын жақын арада көре алатынымызға күмән келтірмейміз", — делінген Kinopark компаниясының көрермендерге арналған хабарламасында. 

"Сұлу және құбыжық" фильмін режиссер Билл Кондон түсірді. Басты рөлді Гарри Поттер туралы фильмдер бойынша танылған актриса Эмма Уотсон сомдады. Сондай-ақ фильмге Дэн Стивенс ("Легион"), Стэнли Туччи ("Терминал", "Дьявол носит Prada"), Иэн МакКеллен ("Властелин колец", "Хоббит"), Эмма Томпсон ("Реальная любовь"), Юэн МакГрегор ("Звездные войны", "На игле") тағы басқалар түсті. 

Жаңалықтар
0