14:55 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Кинопроект Казахское ханство, кадр из фильма

"Қазақ хандығы" тарихи кинодастаны көрермендерге жол тартады

© Foto: Официальный сайт кинопроекта "Казахское ханство"/ кадр из фильма
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
7301

Фильмнің негізі идеясы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімінен алынған

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. 19 наурыздан бастап эфирге режиссер Рүстем Әбдіраштың "Қазақ хандығы" атты тарихи кинодастаны жол тартады, деп хабарлайды 31 арна.

Тарихи кинодастан Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлінуі мен жеке хандық құру кезеңін қамтиды. 15-ғасырдың орта тұсынан сыр шертетін туынды ел мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күрескен батырларымыздың ерліктері мен таққа таласқан хандардың әрекетін әшкерелейтін көріністерге толы. 

"Бір сөзбен айтқан кезде бұл тарихы сериал, бұл біздің ата-бабамыз туралы сериал. Сондықтан көру керек, басқа сериалдармен салыстыруға мүлде келмейді",- дейді  кинода Бұрындық сұлтанның рөлін сомдағанактер Аян Өтепберген.

Фильмде Керей мен Жәнібек елге үстемдік жүргізуді мақсат тұтқан  Шайбаншахпен тайталасқа түседі. 1457 жылы Сығанақ маңында болған ойраттармен шайқаста жеңілген Шайбаншах олармен бітімгершілікке келеді. Алайда көшпенді халықты уысынан шығармау үшін аяусыз саясатын жүргізуді тоқтатпайды. Ханның озбырлығына төзе алмаған Керей мен Жәнібек оған қарсы шығып, маңайындағы ұлыс-тайпалардың басын қосып, Моғолстан шекарасына көшіп кетеді де, сол жерде жаңа хандық бой көтереді.

"Менің ойымша, жұмыс барысында туындаған барлық қиындықтарға қарамастан біз көп дүниеге қол жеткіздік. Кинотехнология деңгейінде сериал жасап шығару өте ауыр. Бұл 3 толық метражды картинамен пара-пар. Көрермендерді бұрын соңды қазақ телевизиясында болмаған компьютерлік графикамен қуантайын деп отырмыз", — дейді компьютерлік графика бойынша продюсер Дамир  Айникеев.

Фильмнің сценариін белгілі жазушы Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов пен режиссер Рүстем Әбдіраш бірігіп жазған. Ал негізі идеясы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімінен алынған. 


Басты тақырыптар