Мәдениет

Бүркіт пен Бейбіт Қорған салық төлемей жүр

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандық эстрада жұлдыздары борышкерлер тізімінде жүр

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Әншілер Бүркіт, Бейбіт Қорған және "Сұңқар" тобының мүшесі Тастан Асылбек Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жариялаған борышкерлердің тізімінде жүр. 

Тізімге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге көлік, жер және мүлік салығы бойынша қарызы бар 250 265 жеке тұлға енгізілген. 

"Борышкерлердің қатарында отандық эстрада жұлдыздары бар. Мәселен, әнші Бейбіт Қорғанның көлік салығы бойынша қарызы — 178 614 теңге, әнші Бүркіттің көлік салығы бойынша борышы —151 279 теңге, "Сұңқар" тобының әншісі Асылбек Тастанның көлік салығы бойынша қарызы — 17 960 теңге", — деп атап өтті департаменттегілер. 

Барлық салық төлеушілерге ескерту жіберілді, бұған қоса әлеуметтік желілер арқылы да борышкерлер құлағдар етіледі. 

Мемлекеттік кірістер департаменті жеке меншік салығын төлеу мерзімі 31 қазанда, ал көлік салығының мерзімі 31 желтоқсанда өтіп кеткенін еске салады. 


Жаңалықтар
0