04:27 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Конкурс Қазақ аруы-2017

Батысқазақстандық Нұргүл Асанова "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы атанды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Жалпы байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 16 ару қатысты

АСТАНА, 19 мар — Sputnik. Биылғы "Қазақ аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы Батыс Қазақстаннан келген Нұргүл Асанова болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұргүл Асанова Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 қыздың арасынан үздік деп танылды. 

Павлодар тұрғыны Виктория Петрова
© Foto: из официального аккаунта Баян Максаткызы

Бірінші орынға қызылордалық Зуxра Сайпи иелік етсе, Ақтөбеден келген Гүлжанат Жұмажанова екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті қарағандылық Әйгерім Орынбекова жапты.

"Бұл мен үшін күтпеген жерден болды. Сезімдерім мен эмоцияларымды сөзбен жеткізе алмаймын", — деді байқау жеңімпазы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 19 жасар студенті. 

Сұлулар кешкі көйлектерде дефиле жасап, өз таланттарын паш етті. Мәселен Павлодар облысынан келген Виктория Петрова танымал әнші Алмас Кішкенбаевпен  қазақтың халық әні "Дударайды" орындады. Конкурстың жас қатысушысы алматылық Алина Мектепбаева Қыдырәлі Болмановпен дуэт орындады. 

Кейбір конкурсанттар "Айман-Шолпан" пьесасы мен "Құртқа мен Қарлыға" диалогынан үзінді орындап өздерінің актерлік шеберлерін көрсетті. Өзгелер көрермендерді ыстық ел жағалауларына әкетіп, бразилия және испан билерін орындады. 

Конкурстың соңғы кезеңі тарих, әдебиет пен қазақтың әдет-ғұрыптары бойынша сұрақтар болды.

Қазылар алқасы құрамына сенатор Бырғаным Айтымова,  конкурстың бас продюсері Баян Есентаева, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, елордалық мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов, журналист және продюсер Айгүл Мукей, тележүргізуші Динара Сатжан. Сондай-ақ әділ қазылар алқасына қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов, әнші Беркут, дизайнер Аида Кауменова, ақын Қалқаман Сарин мен былтырғы "Қазақ аруының" жеңімпазы Альмира Ахатова кірді. 


Басты тақырыптар