Мәдениет

Turkvision биыл Қазақстанда өтеді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖанар Дугалова на конкурсе "TURKVIZION"
Жанар Дугалова на конкурсе TURKVIZION - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанар Дұғалова 2014 жылы Turkvision байқауында жеңіске жеткен еді

АСТАНА, 31 нау – Sputnik. ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Turkvision конкурсы биыл Қазақстанда өтеді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

"2017 жылдың тағы бір айрықша оқиғасы  Turkvision қазіргі заманғы эстрада әндерінің конкурсы болып табылады, оны біз Астана қаласында тамыз айының аяғында өткізуді жоспарлап отырмыз. Turkvision миссиясы – түркі мәдениетін насихаттау, түркітілдес музыканттар көрермендерінің аясын кеңейту, ортақ мәдени кеңістік құру және туыстас халықтар мен елдер арасында достық қарым-қатынастарды орнату болып табылады", — деді бүгін баспасөз мәслихатында Мұхамедиұлы.  

Бұдан бөлек, EurasianDanceFestival халықаралық балет өнерінің фестивалі ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасының тағы бір имидждік іс-шарасы болып табылады. Фестивальға "UniversalBallet" корей труппасы, АҚШ-тың "BadBoysofDance" би ұжымы, "Астана Опера" МОБТ, "Астана Балет" театры, сонымен қатар әлемдік балеттің жетекші солистері қатыспақ.

Сонымен бірге, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған бүкіләлемдік "Астана" театр фестивалі маңызды мәдени оқиғалардың бірі, әлемдік деңгейдегі театр жұлдыздарының кездесуі, ауқымды ашық фестивальға айналады. Фестивальға 10 елден әлемге танымал 13-тен астам театр қатысады деп күтілуде.

Министр көрме аясындағы маңызды іс-шара ретінде "Еуразия" халықаралық кинофестивалін атап өтті. Кинофестиваль бағдарламасы конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларды, питчинг, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, тұңғыш рет өтетін EurasiaFilmMarket кино нарығын қамтиды. 

Жаңалықтар
0